ЖАҺАН | The World is Changing. Change with Us |
Басты бет / Соңғы саны

Соңғы саны

1 Ағылшын тілін оқыту мен ағылшын тілінде оқытудың айырмашылығы

Бағзы бір заманда грекше білу – моданың алды саналды. Оны меңгерген жекелеген адамдар, ұжымды халықтар мәдениетке, өркениетке жетті. Уақыт оза келе, оның орнын латынша басты, түбегейлі алмастырды демейік, бірақ қабаттаса жүріп, қосанжарласа аталғаны – айқын

2 Жетістікке жеткізетін жеті қадам

Әу бастан айта кетейік, жетістіктің кілті – төмендегі жеті қадамда емес. Жетпіс, сексен, жүз қадамда да емес. Шындап келгенде, мәселе – жетістікте де емес. Жетістік – мағнасы терең, аясы кең, астары қат-қабат, тәпсірі сан-салалы, күрделі сөз

3 Қызметкерді сақтап қалу үшін не істеу керек? (Аударма)

Бүгінгі жұмыс тәртібі, қызмет жорасы – толайымен істен шыққан, жарамсыз. Сіз міндетті шаруасы, кесімді жалақысы бар адамдардың қатарында болсаңыз да, өзіңізді соншама мерейлі сезінбейсіз, таң азанда жұмысқа көңілді бармайсыз, ол жерде тиісінше бағаланбай жүргеніңізді кәміл білесіз, сондықтан маңызды тапсырманың өзін үддесінен шыға орындамайсыз, көбіне көп жүрдім-бардым қарайсыз, және атқарылып жатқан шаруаның қандай да бір игілікті өзгерістерге ұйытқы болатынына да сенбейсіз.

4 Мектеп ашып жатқандарға

Үкіметтің бағымынан шығып, жеке отау құруға ойысып жатқан ақылы мектептердің бұдан былайғы уақытта байыздап отыра алмайтыны, коммерциялық құрылымдар сияқты еншілі нишаларын қарастырып, клиенттердің, яғни, оқушылар мен ата-аналардың көңілінен шығатын өтімді бағдарламалар жасауға тиіс

5 Тіл үйрену туралы

Тіл білудің пайдасы ұшан-теңіз. Ғылым дәлелдеген, зерттеулер көрсеткен айғақты артықшылықтарын шып-шырғасымен түгендеуге кіріссек, есебіне жетіп болмаймыз.

6 Үйлердің бағасы арзандай береді

Жаһандану үдерісін құбыжық көріп, бірталайдан бері қатер ойлап жүргендерге игілікті хабарымыз бар. 1990 жылдан бері жер-әлемді дүрбелеңге толтырған толқынды, толқымалы «глобализация» үдерісі тақау жылдары қарқынын тежеп, салқын ағысты «слобализациямен» (slowbalisation) алмасты

Журналға жазылыңыз