ЖАҺАН | The World is Changing. Change with Us |
Басты бет / Жаһан журналы

Жаһан журналы

Құрметті оқырман! Қолыңыздағы «Жаһан» журналы – шетелде оқыған және оқып жатқан біршоғыр жастың төл бастамасы. Әлемдік деңгейде білім беретін жоғары оқу орындарында ең үздік дәрістерді тыңдап, барынша ұтқыр түйін жасауға машықтанған олар көзбен көріп, көңілмен ұққандарын емес, сүбелі зерттеулерге сүйеніп, жан-жақты сұрыпталған, екшелген мақалаларын осы журнал арқылы бөлісіп отырмақ.

Мақалалар бизнес, инвестиция, білім, ғылым, денсаулық салаларын қамтиды. Батыста тамыр тартып, шығыста өркен жайған алпауыт компаниялардың дамуындағы ұрымтал тұстар, оларды алға сүйреп, таңқаларлық табыстарға жеткен басшылардың ғибратты ғұмыры, ғылым мен білімнің талай тағдырды өзгертер ғаламат қуаты, шет жұрттардың тілін меңгерудің пайдасы мен әдіс-тәсілдері – бәрі-бәрі егжей-тегжейлі зерделеніп, барынша қамтылады.

Мұрат – оқырманды тоқтаусыз оқуға, тынымсыз үйренуге, түрлі компаниялар құрып, лидерлік қабілетін ұштауға, татымды тәжірибе жинақтауға шақыру, тамырлы бизнестердің өрісін кеңейту, болмыс-бітімін жаңа заман талаптарына бейімдеу.

«Жаһан» журналы жүгінетін арнаулы кітаптар, ғылыми журналдар, газеттер ағылшын, неміс, испан, француз, орыс, қытай, түрік тілдерінде шығады. Алайда маңдайалды университеттер мен зерттеу орталықтары англо-фонды елдерде шоғырланғандықтан, ағылшын тілді материалдардың шоқтығы биіктеу. Сондықтан оларға айрықша көңіл бөлінеді.

Түйіп айтсақ, «Жаһан» журналы адамның жан-жақты дамуына септесер толымды еңбектерді, тағылымды мақалаларды, соқталы зерттеулерді қалт жібермей, үлкен ыждағаттылықпен мүмкіндігінше жылдам, мейлінше ауқымды етіп алдарыңызға тартып отыруды мақсат етіп отыр.

Біз табыстарға жетелейміз!

Жаһан журналының соңғы санының мұқабасы
Келесі санына жазылуды ұмытпаңыз

Редакциялық кеңес:

Бас редактор (Editor-in-chief):

Болат Есқараұлы, PhD, University of Leicester

Редакциялық кеңес (Сontributors and peer-reviewers):

Бауыржан Ташмұхамбетов, PhD, University of Essex

Асхат Тлеуов, PhD, University of Bath

Асылбек Нұрғабдешов, PhD, University of Sheffield

Талғат Жүсіпбек, PhD, University of Sheffield

Серік Оразгалиев, PhD, University of Cambridge

Азамат Камзин, PhD candidate, Arizona State University

Бекжігіт Жантей, PhD, Wuhan University

Бауыржан Аскаров, PhD candidate, University of Birmingham

Асхат Мыңбай, PhD candidate, Nazarbayev University

Еркін Оразалиев, MSc, University of Munich

Артур Утебаев, MA, University College London

Далия Каскирбаева, MSc, Imperial College London

Аман Ахметов, MBA, De Montfort University

Бейбіт Жүнісов, MSc, University of Essex

Қайрат Сержанов, LLM, University of Leicester

Индира Барыкбаева, LLM, University of Leicester

Лаура Абизова, MSc, University of Leicester

Олжас Өтегенов, MSc, University of Bath

Жақсыбек Нұртлесов, MBBS, University College London

Бекзат Сыздықов, MSc, University Center Cesar Ritz

Мұқан Мырзақұлов, BSc, New York University

Мақалаларға өту