Әдетте, бизнеске қызығатын жігерлі жастар жұрт ұстаған қасқа-жайсаңды емес, іскерлігінің арқасында байлыққа жетіп, атаққа ілінген қарымды кәсіпкерлерді үлгі тұтады. Олардың алымды кеңестерін ықыласпен тыңдап, көкейге түйеді, зердеге тоқиды, ақиқат шындығына, келешек пайдасына титтей де күмән келтірмейді, қателігінен сабақ, жетістігінен күш алады. Сәті түсіп, ыңғайы келсе, өздері де стартап жобасын бастап көреді. Қиялы қайратына сай мұндай жастардың бәрі барқадар таппайды, бірақ жолы болып, бағы жанғандар жүздеген адамды жұмыспен қамтып, бірте-бірте елдің тірегіне айналады.

Дей тұра, жұрт ұстаған игі жақсылардың арасында да көпті көрген көсемдер болады. Олар бизнестің қыр-сырын білмегенімен, сын сағатта сынып қалмаудың, тығырыққа тірелгенде томырылып түспеудің, майда тілмен жыланды інінен шығарып, қастасқан жаудың сағын сындырудың әдіс-тәсілдерін жақсы біледі. Оның үстіне, олардың мойнындағы міндет пен шылауындағы халықтың саны мен салмағы кәсіпкердің иығындағы жүк пен қарауындағы қызметкерлерден анағұрлым артық һәм әжептәуір ауыр. Сайып келгенде, айтары мол, тағлымы зор. Бұл – Лондонда ірге тепкен атақты басылым The Economist-тің тұжырымы.

Кәсіпкер қауымын бірталайдан бері әдеби шығармалар оқуға, философиялық еңбектермен танысуға шақырып жүрген Британдық басылым ұлт мүддесін қорғаған сайыпқырандардың ғибратты өмірін де өнеге етеді. Айта кету керек, The Economist ешбір мақаласын «Көшбасшының үш қасиеті», немесе «Тіл үйренудің төрт жолы» деп айдарламайды. Бұл жолы да «Лидердің үш қасиеті» деп арнайы белгілеп, ежіктемеген, заманынан озып туған үш мықтының саяси шежіресін ғана таратқан. Басылымда шыққан мақала – «History lessons for managers» деп аталады. Мағнасы – «Менеджерлерге арналған тарихи дәрістер».

Өз жұртының нұрлы болашағы жолында жаннан кешкен Отто фон Бисмарк, Франклин Рузвельт, Уинстон Черчиль сынды шоң тұлғаларды таңдап алған The Economist бұл үштіктің саяси шешімдерінен сабақ алу керек дегенді айтады. Әлбетте, олардың ғұмыр кешуінде жетістікпен қатар, сәтсіздік те болған. Аталмыш кісілер мінсіз емес, ғапыл істері мен сорақы қателіктері жетіп артылады. Алайда, ұзынды-қысқалы карьерасында талай көксоқтаны көріп, талай қауғаны бастан өткерген темірөзек жандардың «қазіргі заман менеджерлеріне үйрететіні көп». (Those who have passed through the fire surely have something to teach modern-day managers).

demo_image-24

Review Title

There are many variations of passages of Lorem Ipsum available, but the majority have suffered alteration in some form, by injected humour, or randomised words which don't look even slightly believable. If you are going to use a passage of Lorem Ipsum, you need to be sure there isn't anything embarrassing hidden in the middle of text.
8.1

If you use this site regularly and would like to help keep the site on the Internet, please consider donating a small sum to help pay for the hosting and bandwidth bill. There is no minimum donation, any sum is appreciated - click here to donate using PayPal. Thank you for your support.

Pors
  • Pors Item One
  • Pors Item Two
  • Pors Item Three
  • Pors Item Four
  • Pors Item Five
Cons
  • Cons Item One
  • Cons Item Two
  • Cons Item Three
  • Cons Item Four
  • Cons Item Five

Комментарий

Сіздің email мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * деп белгіленген.