«WHY READ?» by MARK EDMUNDSON

4

Әлмисақтан бері әдебиет – мәдениетпен ауызданудың бірден-бір құралы саналған. Қарақты қауым классикалық шығармалармен шамасынша танысса, іждағатты топ зердесіне түйіп, жадына тоқуға талпынған. Күні кешеге дейін солай болған. Ал, бірақ ХХІ ықылымда қалыпты жораның, тамырлы ұғымның мейлінше өзгергенін көреміз. Бүгінде әдебиет – ақша-пұл әкелетін мамандықтың бірі ғана. Және маңдайлысы емес. Материалдық қайтарымы мардымсыз, құбатөбел көптің қатарында. Тегі күмәнді «Қаржы», шеңбері шектеулі «Заң» сияқты салалармен шендестіруге де келмейді.

Қарымы қысқарып, құты кеміген әдебиет қана ма?! Тарихы байтақ философияны да, сан қатпарлы өнерді де таңдама мамандықтардың тізімінен ұшырата алмайсыз. Неге? Ғасырлар бойы әспетті, құрметті саналған ғылым салалары неліктен көш соңында, қараусыз қалған? Себептер сан-салалы. Бірақ ең өкініштісі – әдебиетті, философияны, өнерді мамандық ретінде арнайы оқитын студенттер мен дипломды түлектердің даналыққа, даралыққа ұмтылмайтыны. Басқаша айтсақ, тарыдай болып кірген жерден таудай болып шықпайтыны. Атаулы құбылысты басқадан бұрын университет оқытушылары байқаған. Солардың бірі – «Why read?» деген кітаптың авторы Марк Эдмундсон…[толығырақ журналда]

Пікір қалдыру |

A- A A+
Журналға жазылу

 

Аты-тегі:*
Мекен-жайы:*
E-mail:*
Телефон:*
Нөмірлер саны:*
button_21
×