ДАНИЕЛ ЛЕВИТИННІҢ «THE ORGANIZED MIND» АТТЫ КІТАБЫНАН ҮЗІНДІ

12

Даниел Левитиннің атаулы еңбегі бестселлер санатында. Түсінікті де. Бүгінгідей екпінді заманда шектеулі уақыттың ішінде қыруар іс бітіруге себі тиетін қандай да кітап бағалы саналады. Ондай кітап үлкен тиражбен шығып, тезінен тарайды, қолдан қолға көшіп, көшелі кісілердің мақтауына ілінеді.

«The Organized Mind» – дерегі бай, мазмұны қорабалы, қалың кітап болғандықтан, әрбір тарауына жекелей тоқталып, журналымыздың жалғас сандарында дербес-дербес беріп отырамыз. Таңбалы ретіне емес, мәніне, маңызына қарай жіктеп, кей тарауларын бұрын ұсынамыз. Осы санымызда «Organizing the Business World» деп аталатын 7-бөлімдегі түйінді толғамдар келтіріледі.

Нағыз лидер кім?
Қас лидердің кім екендігі турасында әр қилы байып бар. Әр халықтың өзіндік өлшемі, түсінік-пайымы қалыптасқан. Ел билеген Томас Джефферсон да лидер, General Electrics компаниясының тұтқасын ұстаған Джек Уэлч те. Біреу лидер деген жақсы атқа жүрісімен жетсе, біреу тумысымен жеткен. Қарауындағы қауымды біреу қорқытып, бөріктіріп ұстаса, біреу кеңдігімен, кемеңгерлігімен меңгерген. Дейтұрғанмен, қазіргі ғылым нағыз лидер кім деген сұраққа орнықты жауап тапқандай. Осы тарапта бірталай кітап қопарған Автордың айтуынша, бүгінгі лидер – қатардағы қызметкердің өз мүмкіндіктерін жете тануына, оны компанияның мүддесі жолында қалтқысыз қолдануына ұйытқы болатын, жалынды да жылы сөздері көп, көреген кісі. Мұндай басшыға жолыққан адам өзіндегі бүркеулі жатқан қасиеттерді байқап, еппен аршып алады да, фирманың игілігі үшін сарқа жұмсайды…[толығырақ журналда]

Пікір қалдыру |

A- A A+
Журналға жазылу

 

Аты-жөніңіз:*
E-mail:
Байланыс телефоныңыз:
×