Ғаламат идеялардың ұйығы – Бэлл лабораториясы

Күні кеше дүниені дабылдатқан Exxon Mobil, Chevron сынды даңғайыр құрылымдардың дабырасы көмескі тартты. Табиғи байлықты өндіретін еңселі компаниялар сырғи жылжып, бәйгені технологиялық серпіліске күш қосқан іргелі фирмаларға ұстатты. Ірікті, таңдаулы компаниялардың алғы легінде – Apple, Microsoft, Facebook сынды бизнестердің жүруі – соның айғағы.
Қайткенде де, интеллектуалдық еңбектің физикалық жұмыстан анағұрлым жоғары бағалана бастағанының ең көрнекі жоралғысы – Кремний аңғары (Silicon Valley). Осы жерде туған қызыл шақа стартаптар миллиардттаған доллар инвестиция тартып, айналасы бір жылда айды аспанға шығаратын құдіретке жетеді. Қалыпты тіршілікке өзгеріс әкелетін ірілі-уақ жобаның ешқайсы ескерусіз қалмайды, тісқаққан инвесторлар ұсақ-түйектің өзін жіті тексереді…[толығырақ журналда]
Пікір қалдыру алдыңғы мақала | келесі мақала


