«Ақырын жүріп, анық бас…»

6

Қым-қуыт бизнес әлемінде тамырлы компания негіздеу оңай емес. Өткен мен бүгінді, алыс пен жақынды ескере көтерілетін фирмалардан гөрі, ұзақ мерзімді жоспарға кенде, ұсақтан ұтуға мүдделі компаниялар көптеп кездеседі. Ондайлар алысқа шаппайды. Салмақты ғылыми зерттеулер, үлкен дабырамен басталған бизнестердің 80 пайызы алғашқы жылдары-ақ божырауға бет алатынын анықтап жүр. Олардың дені – тыңғылықты дайындықсыз, дүрмекпен, асығыс көтерілген шикі жобалар.

Соңғы жылдары жеке бизнес бастап, іргесін мейлінше ерте орнықтыруға талаптанып жүрген жастар әсіресе көбейді. Тұрақты жалақыны місе тұтпайтын жаңа ұрпақ университеттік дипломды да қажетсінбейтін одағай мінез танытуда. Әлемдік тренд десе де болады.

Мысал үшін, өткен жылы Стэнфорд университетінің біршоғыр студенті оқуды тәрк етіп, мобильді төлемдермен айналысатын Clinkle атты стартап бастаған. Ғажабы, бұл стартапқа аталмыш оқу орнының бірқатар оқытушысы жабылып жүріп инвестиция құйған, Стэнфорд Бизнес Мектебінің экс-деканы басшылық қызметке барған, ал компьютер ғылымынан (computer science) дәріс оқитын профессор Clinkle-дің бірден-бір қожайыны атанған. Әділін айтқанда, бұл – Стэнфорд үшін үйреншікті, қалыпты жағдай. Университет басшылығы студенттердің оқудан шығып, стартаппен шұғылдануын жамандыққа жорымайды. Көбінше, ондайларға қадір-құрметпен қарайды, ықылас-ілтипат көрсетеді…[толығырақ журналда]

Пікір қалдыру |

A- A A+
Журналға жазылу

 

Аты-тегі:*
Мекен-жайы:*
E-mail:*
Телефон:*
Нөмірлер саны:*
button_21
×