Миттелстанд үлгісі

Қазақ «Көп түкірсе – көл» деген. Мағнасын ашып жату қажет емес. Балаға да түсінікті жайт. Жал-жал толқындарын жағаға лақтыратын теңіз де жылғалы өзендерден құралады. Кейінгінің бастауы құрғап, арнасы ортайса, алдыңғының да айбары азайып, дабырасы кемиді. Үлкеннің саулығы кішінің саламатына байланысты деген сөз. Дәп солай ел экономикасы да шағын-шәрке бизнестердің көптігімен, ірілігімен, тірілігімен өлшенетін кездер болады. Қарымы қысқа болса да, алымы артық мұндай компанияларды Алманияда – Миттелстанд деп атайды.
Миттелстанд санатындағы компаниялар орташарқы болғанымен, тамыры тереңде, дауыл тұрғанда, боран соққанда мызғымайды. Соңғы уақытта алыс- жақын жұрттың жаппай қызығып жатқаны содан. Сырына қанығып, құпиясын білгісі келеді. АҚШ пен Ұлыбританиядағы деңгейі жоғары басылымдар Миттелстандардың моделін ертелі-кеш мақтап жатса, қытай кәсіпкерлері толайымен сатып алуға көшкен. Азиялықтардың ықыласы жойқын екені аңдалады. Өткен жылдың өзінде 36 Миттелстандты құрықтауға жараған. Қанжығада кеткен көп олжаның ішінде Privatbank Hauck & Aufhäuser (200 миллион еуро) және Мюнхендік машина құрастырушы компания – Kraus-Maffei (925 миллион еуро) бар…[толығырақ журналда]
Пікір қалдыру алдыңғы мақала | келесі мақала


