Футбол әлемінің Фергюсоны
Еуропа – ала доптың ұйықты мекені. Іргедегі Азия ғана емес, қиырдағы Латын Американың жұлдызды футболшылары өнімді жылдарын кәрі құрлықта өткізеді. Әлемнің атышулы ойыншыларымен қайшы топта қаржыса, бір сапта селбесе қимылдау мүмкіндігінен ғана емес, жалақының өлшеусіз артықтығынан. Өңшең мықтының басы қосылатын Еуропада еңбек етіп жүрген бапкерлер де талай сыннан өтіп, көп тәжірибе жинақтаған, ақылман адамдар. Әсіресе, анталаған сыншының орайлы-орайсыз сөздеріне мызғымай, білгені мен түйгенін қапысыз іске асыратын, өзіндік пәлсапасына ақырына дейін адал боп қалатын жырындысы.
Экономика саласында магистрлік дәрежесі бар, көп жылдар бойы Арсеналды баптап жүрген Арсен Венгерді, атағы дабыралы Жозе Мауриньоны жер жүзі түгел біледі. Олардың түр-тұлғасы ғана емес, мінез-құлқы да әлемге әйгі. Екеуі де талай жеңістің дәмін татқан талайлы бапкер. Дейтұрғанмен, Англияның дүбірлі чемпионатында Венгердің де, Мауриньонің да бағын байлап, бірқанша жыл қабатынан бәйге алған Алекс Фергюсон – ерен тұлға, орайымен келіп, сәтімен кеткен бірегей бапкер.
Манчестер Юнайтедті жиырма бес жылдан астам уақыт басқарған Фергюсонның жетістігін Еуропада ешкім қайталаған жоқ. Бұлай деп Делойт компаниясының зерттеуі тұжырады. Құрлықтың ең дәулетті он клубының 1992-93 жылдардан басталатын көрсеткішін салғастыра қарағанда, Ман Юнайтедтің шоқтығы биік, қарымы қатты болғанын аңдайсыз. Ішінде ел кубогын ең көп ұтқан Ман Юнайтед қана. Барселона мен Реал Мадрид Еуропалық кубоктарды бірқанша рет олжаласа да, арасында талай бапкер ауыстырып, әбден қиналған. Мәселен, Реалдың жаңа бапкерге көп жығылғаны сонша, таратып қарасаңыз, жыл сайын бір менеджер ауыстырған боп шығады. Қызығы, Ман Юнайтед ең соңғы кубогын 1967 жылы ұтып алса, ең іргелі неміс, италиян және испан клубтары өз жұртында көп уақыт бойы басым боп келген. Фергюсон Ман Юнайтедтің тізгінін алғанда Англиядағы ең дәріпті және ең атақты клуб Ливерпуль болатын…[толығырақ журналда]
Пікір қалдыру алдыңғы мақала | келесі мақала



