Француз тілі программинг тілдерінен қалып тұр
Мақала Bloomberg news және The Economist деректерін қызметке жеге отырып, АҚШ пен Британияда шет тілдері мән-маңызының қызу талқы арқауына айналу себептерін баяндайды.
АҚШ-тың кем дегенде 4 штатында –оның ішінде Майкрософт орналасқан Вашингтонда –алдағы уақытта кейбір шет тілдерінің орнына программинг тілдері енгізілуі мүмкін. Бұл қабылданған немесе ағымдағы мерзімде қызу талқыланып жатқан шара. Соңғы сауалнамалар студенттердің француз тәрізді шет тілдеріне қарағанда компьютер тілдеріне құштарлықтары басым екендігін айғақтады. Ендеше, студент қауымға таңдау берілуіне ілкіден күресіп келген бірқанша білім қызметкерлері мақсатының орындалуына аз қалған.
Кейбір сарапшылар, мұндай жаңалық Американың келешектегі ғаламдық бәсекелестік қабілетін күшейтуге жағдай жасайтынын алға тартқан. Соңғы болжамдар 2020 жылы АҚШ-та компьютер саласында терең білімді қажеттейтін 1.4 миллион жұмыс орны ашылатынын айғақтаса, қазіргі жүйе тек 400 000 маман жарататынын көрсеткен. Бұл әрине, программинг тілдерінің маңыздылығын тағы да дәйектесе керек.
Әсілі, Техас бұл мәселеде прагматикалық позициясымен ерекшеленіп, 2013 жылдың өзінде шет тілдері дәрістерінің кредиттерін программинг тілдерімен алмастыра алу мүмкіндігін жаратқан болатын. Жақында, Джорджиа штатының басшысы да осы тектес межені назарға алғаны белгілі болды.
Соңғы кездері аталған мәселенің өзектілігі Британияда да артып, бірқанша мектептердің француз тілінен бас тарту туралы ұсыныстары талқыға салынған. 2004 жылдан бері шет тілдері емтиханын (GCSE) тапсырушылар едәуір азайып келеді. Оған төмендегі The Economist графигі айқын дәлел бола алады.
Дейтұрғанмен, АҚШ-та шетел тілдерінің мұндай тықсырылуына қарсылар да жетерлік. Ғаламдық интеграция халықтарды жақындатып, біріне бірінің тәуелділігі аумақтанған бүгінгі заманда шет тілдерінің мән-маңызы ерекше екендігі айтпаса да түсінікті. Монолингуалдардың көптігі АҚШ пен Британия экономикасын жыл сайын біршама шығын келтіріп жатқаны да әммеге аян. Мысалы, біртілді Британдықтар жылына ел экономикасына $80 миллиард шығын келтіреді екен. Бұл Жалпы Ішкі Өнімнің 3.5%-ын құрайды.
алдыңғы мақала | келесі мақала


