ҰЖЫМДЫ ҰЙЫСТЫРУДЫҢ БЕС ҚАҒИДАСЫ

Даниел Левитиннің «The organized mind» атты кітабынан үзінді

10

Даниел Левитин келеңсіз жайттарды болдырмаудың 5 қағидасын ұсынады. Өзі тапқан даналық емес. Ғалымдар растап, CEO-лар қостаған, жолбасшылыққа жарайтын салиқалы құбылнама.

1. Өзара-сенімділік арқылы ынтымақты ұжым қалыптастыру (build cohesive teams through mutual trust)

Көпке белгілі, СЕНІМ ә дегеннен пайда болмайды. Уақыт керек етеді. Толды, толысты деген күннің өзінде сан мәрте сыналып, сан түрлі қалыпқа түседі. Кейде өлшеусіз зорайса, кейде жұқарып, жұтаң тартады. Кейде бар сөлінен айырылып, бір-ақ күнде жоғалады. Автор қызметкерлер арасындағы сенімділік күнделікті жұмыс барысында туады да, бірте-бірте жетіліп, тұлғалана түседі, дейді. Сәтімен біткен ортақ жоба, бірлесе жеткен мақсат, байсалды өткен пікіралмасулар мен ойласулар – бәрі-бәрі СЕНІМ деп аталатын ғимаратты көтеруге тиіс кірпіштер… [толығырақ журналда]

Пікір қалдыру |

A- A A+
Журналға жазылу

 

Аты-тегі:*
Мекен-жайы:*
E-mail:*
Телефон:*
Нөмірлер саны:*
button_21
×