Заманың түлкі болса, тазы боп шал

Стэнфорд университетін бітіруге тақаған Рид Хоффманның кеудесіндегі сыздаған арман – ғалым болу еді. Бірақ, тағдырдың талғамы басқа екен. Әр түрлі жағдайлар тоғысымен болашақ ғалым кәсіпкерлік жолына түседі. Содан бірқанша фирманың іргесін көтеріп, ойда жүрген жобаларын жүзеге асыруға талап қылады. Алғашқы жылдары толассыз сәтсіздікке ұрынып, бастаған барлық ісі адыра болыпты. Білетіндер қысталаң шақта да біржола қайыспай, сүрінген жерде еңсе тіктеп, алға ұмтылған деседі. Қақаған қыстың зәрі сынып, жайдары көктемге жол ашатыны сияқты, азапты күндердің ізін ала дабыралы LinkedIn жобасы дүниеге келіпті.
Өзі өткен қатпарлы асулар мен қиын белестер «The Start-up of you» атты еңбегінде кеңінен сөз болады. Мұнда көп жұртқа бағдар болатын келелі кеңестер молынан кезігеді. New York Times газетінің ақсақал авторларының бірі Томас Фридман аталмыш кітапты меңзей отырып: «Бұл ата-аналарымыз көріп-білген жұмыс нарығынан басқарақ», – деп тоқтаған екен.
Рид Хоффман және Бен Касноча бірігіп түзген сүбелі еңбектің барлық тарауын қысқаша мазмұндап өтеміз.
1.Тарау
Кез келген адам – Кәсіпкер
Қос Автордың айтуынша, еңбегінің өтеліп, мұратының біткенін қалайтын адам кәсіпкерлік рухты ерте оятқаны және карьера жасаудың жаңа мүмкіндіктерін байқастап отырғаны дұрыс. Неге олай?[толығырақ журналда]
Пікір қалдыру алдыңғы мақала | келесі мақала


