ҚЫЗМЕТКЕРДІ ЖҰМЫСТАН ШЫҒАРУ ТУРАСЫНДА
Қызметкерлер компанияның түсімін арттыратын, абыройын көтеретін қазынасы ғана емес, алмағайыпта жарға итере салатын қатері де. Сауалнама жүргізетін арнаулы бөлімі бар The Economist газеті, 2013 жылы компаниялардың 70 пайызы қызметкерлердің ірілі-ұсақ «қастандығынан» жапа шеккенін әйгілепті. Бұрнағы зерттеуде атаулы көрсеткіш 61 пайызды құраған.
Көптеген фирмалар, әсіресе, ішкі проблемаларға жетік, құпияға қанық, ал қазірде бәсекелес компанияда, я болмаса, жұмыссыз сандалып жүрген ескілікті жұмысшыларынан үсті-үстіне соққы алып отырады. Кейбірі құнды ақпар ұрлап, ақша табуды көздесе, енді біреулер әлекке салып, кегін алуға тырысады. Алдыңғының мұраты түсінікті, кейінгінің зорлығы өтімді һәм ауқымды.
The Economist корпоративті зерттеулермен айналысатын K2 Intelligence компаниясының қызметкері – Давид Робертсонның әлдебір өндіріс орнында болған келеңсіз бір оқиғасына назар аударады. Айтуынша, тақау уақытта жұмыстан шығатын қызметкерлердің тізімінде өзінің аты-жөнін байқап қалған ақпараттық-технологиялар бөлімінің бір мүшесі қатты шамданады, жай кетпей, бүлдіріп кетуді ойлайды. Аз уақыттың ішінде компанияның IT жүйесіне кіруге мүмкіндік беретін «backdoor» жасайды да, өз үйінде отырып, қажетті файлдарды өшіреді, бастықтың электронды поштасын ақтарады. Кешегі жұмыс берушінің бар бықсығын сыртқа шығарып, абырой-беделден жұрдай етеді…[толығырақ журналда]
Пікір қалдыру алдыңғы мақала | келесі мақала



