LOVE WHAT YOU DO

8

Бір есеп бойынша, адам баласы 80 000 сағатты жұмыс астында өткізеді екен. Бұғана қатайған жиырма жас пен шау тартқан алпыстың арасындағы ең қайратты шағы. Үздіксіз шығып жатқан іскерлік әдебиет осынау уақытты бей-берекет түгеспей, «көңіліңіз соққан, жүрегіңіз қалаған» шаруаға арнаңыз деп насихат таратады. Әйтпесе, жалғанды жалпағынан баса алмайды екенсіз.

Сырттай алымды көрінгенімен, атаулы кеңес толымсыз ғана емес, ұшқары дер едік. Кісі ұлының пәндәуи болмысы басым түссе, көп жағдайда жанның қалауымен емес, тәннің айдауымен жүретіні жасырын емес. Ал жүгенсіз қалау мен желбуаз үміттің жақсылыққа емес, дүдәмалға сүйреп, баянсыз тірліктің жетегіне беретіні айтпаса да түсінікті. Сан түрлі мысал келтіріп, аталмыш тұжырымды бекіте түсуге болар еді. Бірақ бүгін «Love what you do-дың», яғни, бүгінгі жұмысыңызды бағалап, оны үлкен іждағаттылықпен атқарудың қаншалық маңызды екенін тәптіштегіміз келеді. Себебі машақаты мол, мехнаты көп болса да, алдағы уақытта сізді ұтысқа шығаратын кәсіп – қиялдағы, қалаулы қызмет емес, дәп қазіргі үйреншікті тірлігіңіз болуы мүмкін. Анағұрлым ұтырлы вариант іздеп сабылғанша, қолдағы мүмкіндікті толайымен пайдалану керек шығар…[толығырақ журналда]

Пікір қалдыру |

A- A A+
Журналға жазылу

 

Аты-тегі:*
Мекен-жайы:*
E-mail:*
Телефон:*
Нөмірлер саны:*
button_21
×