«ЖЕТІ ЖҰРТТЫҢ ТІЛІН БІЛ»

Ағылшын тілі – әлемнің лингва франкасы екені күмәнсіз. Алыс та, жақын да мойындаған, талассыз ақиқат. Үлкен-кіші халықтардың ана тілдерінен соңғы жерде ағылшын лұғатына ден қойып жатқаны содан. Олай етпес жөні жоқ. Адамзат шеруінен қалып қойған қауымның бүгін еншісінен айырылса, ертең сыбағасынан қағылатынын тарих ақсақал талай мәрте әйгілеген.
Бір есеп бойынша, алдағы он жылда ағылшынның тілі мен хатына жетік жұмыр бастының ұзын саны екі миллиарды төңіректейді. Лақап емес, шындыққа жақын, дәйекті дерек. Қонысы жапсарлас Қытайдың өзінде жаһанның лингва франкасын оқытатын 30 мың компания бар. Білетіндер 4 миллиард долларды құрайтын айтылмыш индустрияның нарқы артпаса, кемімейді дейді. Себепті. Ауылдан қалаға қарай қопарыла көшіп жатқан қара нор шаруа басқаны толық түсінбесе де, кейінгі ұрпағының ағылшын тіліне жетігуі қажет екенін бұлдыр түйсінеді. Сол үшін ертелі-кеш дайындық курстарына аттандырады, атасының құнын сұраса да тауып береді.
Дүниенің төрт бұрышы ағылшынша шүлдірлеп жатқан заманда оны ананың сүтімен бойға сіңіретін адамда не арман бар дерсіз?! Жалғанды жалпағынан басады. Ал егер таршылыққа ұшырай қалса, қайыр сұрап, сергелдеңге түспейді, қаймана жұрттың баласын оқытып тіршілігін жалғайды. CELTA (Certificate in Teaching English to Speakers of Other Languages) иәки Delta (Diploma in Teaching English to Speakers of Other Languages) деп аталатын қағаздың бірін алса, болды, жерде қалмайды, тума тілінің арқасында қазанына ет салуға жарайды…[толығырақ журналда]
Пікір қалдыру алдыңғы мақала | келесі мақала


