ЖАЯУ ЖҮРУДІҢ ПАЙДАСЫ

8

Жаңа ықылымда байырқалы кәсіпкер ғана емес, жайдақ қызметкердің өзі аяқ жетер жерге жаяу-жалпы емес, сән-салтанатпен жеткісі келеді. Жұпыны жалақысынан жырымдайды, келешегі бұлдыр кредитке ұрынады, қайткенде де, бұт артар көлікке ұмтылады. Қисынсыз емес. Біріншіден, көлікті кісі жаяуға қарағанда алымдырақ көрінеді; қашықтықты қысқартып, уақытты үнемдеп, қандай да шаруаның басын бұрын қайырады. Екіншіден, көлікті кісі дос-жардың алдында абыройлы, көлденең жұрттың көзінде айбарлы ұшырайды. Көлікке ие болудың басқа да басымдықтары бар. Бәрін түгендеу атаулы мақаланың мұратынан тысқары. Қысқа қайырып, «көліксіз күн – қараң» деп ойлайтын адамдардың қорамы біршама екенін ескертейік.

Ал, шын мәнісінде солай ма?! Көліксіз күн – берекесіз күн бе?! Құдай берген екі аяғына сеніп, ұзақ жолға түскеннің бәрі – ұтылыста ма?! Теңгенің асты мен үсті болатыны сияқты, бұл мәселенің де күнгейі мен көлеңкесі бар. Күнгейін шет жағалап айттық. Көлеңкесін өзіңіз де азды-көпті білесіз. Сол себепті көліктің пайдасы мен зияны төңірегіндегі таптаурын әңгімені аттап өтіп, жаяу жүрудің артықшылығын тәптіштегіміз келеді. Көлікке мінбеңіз деген үгіттен гөрі, жаяу жүріңіз деген кеңес анағұрлым өтімді емес пе?![толығырақ журналда]

Пікір қалдыру |

A- A A+
Журналға жазылу

 

Аты-тегі:*
Мекен-жайы:*
E-mail:*
Телефон:*
Нөмірлер саны:*
button_21
×