Evernote-тің игілігі

Қазірдің өзінде 100 миллионнан астам қолданушысы бар Evernote турасында естіген шығарсыз. Таңсық көрінсе, күрсінбеңіз, «ештен кеш жақсы» деген. Онлайн жазбаның көп түйткілін шешкен Evernote-тың ақылы һәм ақысыз қызметтері бар. Ақша шығындамай, тегін нұсқасын толайымен пайдалануға жарасаңыз, соның өзі жетіп-артылады.
Evernote жазбаларыңыздың әр түрлі дивайстар мен платформалардағы синхронизациясын қамтамасыз етеді. Бұл – ынтымақты топтардың бірлесе, селбесе жұмыс істеуіне мүмкіндік тудыратын оңтайлы орта. Көпке ортақ жобалар мен жазбалар қатысушылардың жіті бақылауында тұрады, мезгілімен қырналады, өңделеді, түрленеді.
Бір қарағанда, Evernote жинақылық пен тәртіптің үлгісі боп көрінбеуі мүмкін. Әйтсе де, негізгі функцияларымен там-тұм танысып шыққан соң, басымдықтары мен мүмкіндіктерін бірден байқайсыз.
Төменде, Evernote-ті қолданудың қысқаша нұсқаулығын ұсынып отырмыз. Бұл – кіріспе үшін жақсы. Ал, кәнігі қолданушыға айналу үшін қызметіне күнбе күн жығылмақ керек…[толығырақ журналда]
Пікір қалдыру алдыңғы мақала | келесі мақала


