ҚЫЗҒЫЛТ СИЫР (немесе жойдасыз жарнаманың дәурені өткені туралы)

33
Сет Годин

Маркетологтар 5P (Пи) қағидасын жақсы біледі. Құдірет-күшіне имандай сенеді. Әрине, салиқалы қағидалардың ұзын саны әлдеқайда көп. Бірақ жасын маркетолог бәрін білуге тиіс емес, жанына жақын бесеуін таңдап алып, барлық жерде құбылнама есепті пайдаланса болды. Мағлұм-мәшһүр P-лердің біршоғыры төменде тұр:

• Product
• Pricing
• Promotion
• Positioning
• Publicity
• Packaging
• Pass-along
• Permission

Атаулы P-лер жетістіктің кепілі емес. Бәрін жеріне жеткізе орындасаңыз, сөз жоқ, ісіңіз оңғарылады деп кесіп айтуға болмайды. Әйтсе де, оларды мүлдем білмеу, жұмыс барысында қолданбау көптеген келеңсіздіктерге жетелеуі мүмкін. Қараңғыда бос қармаланып, құр сандалғанша, айдың жарығымен болса да, барар жерді бағдарлау мейлінше қисынды демекпіз.

Маркетинг ғылымының шоқтығын биіктетуге талпынып жүрген Cет Годин төбедегі тізімге тағы да бір Пи-ді қосып отыр. Айтуынша, заманның беталысы базбір қағидалардың жаңаруын, толығуын тілейді. Сол себепті P-лердің қатарына Purple Cow (Қызғылт Сиыр) деген үстеме термин қоспақ керек. Годиннің пайымынша, көзге қанықты сиыр деген мақұлықтан бір айырмасы – қызғылт сиыр дүниеде жоқ. Болмаған себепті таңсық, қызық.

Мұндай жануар пайда бола қалған жағдайда үлкен де, кіші де бар шаруасын ұмытып, тайлы-таяғымен көруге асығады. Міне, кілтипан қайда! Қалыпты өмір ағысын тежеп, сұрқай күндерге жан бітіретін алабөтен құбылыс назардан қақас қалмайды. Көп жұртты тынышынан айырады. Әңгімеге арқау, өсекке өзек болады.

Қызғылт сиырдың алыс, жақынды шат-шәлекей ете алатын алапат күшін атап өткен соң, Годин маркетинг тарабына қайта ойысады. Оның айтуынша, бүгінгі таңда тісқаққан тұтынушының назарын болмысы бөлек тауар ғана тоқтатпақ. Барды қаз-қалпында көшіру, аз-мұз үстеме жасап, дамыту жетпейді, мүлдем бөтен дүниелер шығармақ керек. Көпті көрген әккі клиенттер «Қызғылт Сиырды» ғана ілтипатқа алады, басқаның бәрін жадағай тастайды, елеп-ескермейді. Жаңа дәуірдің жаңалығы осы…[толығырақ журналда]

Пікір қалдыру |

A- A A+
Журналға жазылу

 

Аты-тегі:*
Мекен-жайы:*
E-mail:*
Телефон:*
Нөмірлер саны:*
button_21
×