Жаза білу – жақсы өнер

99

Жазу – университеттік оқудың айнымас рәсімі. Боркемік бакалавр да, марқайған магистр да жазады, малшылап, ара-кідік емес, төпелеп, ертелі-кеш. Нысаналы биікке кесімді уақытта көтерілгісі келетін қандай да студент жолайғы бел-белестерді қаламымен ғана еңсереді. Себебі жазатын адам ойланады, ойланатын адам ізденеді, ізденетін адам саналы ғұмырын мағналы өткізуге жарайды деген түсінік салтанат құрғалы көп болды.

Әрине, университет – жалпылама, жиынтық атау. Атаулы санатқа дүниенің төрт бұрышында бой көтерген іргелі оқу орындарының бәрі енеді. Сыртқы пошымы үйлес, намы ұқсас болғанымен, аталмыш құрылымдардың тарихи кешуі ғана емес, даңқ-дабырасы да, тірлік-тынысы да әр түрлі. Мана айтылған жазу өнерінің бір жерде айрықша жоғары бағаланып, басқа жерде қаперге де алынбайтыны содан. Бүгінгі кеңесіміз қайсысы оң, қайсысы теріс деген тұрғыда емес. Үздік университеттердің түгелге жуығында дәстүрге енген дәріпті ғұрыптың түпкі мұраты төңірегінде өрбиді.

Анығы – қазіргі екпінді заманда университетте қонған білім мен жұққан машық тезінен ескіріп, көмескі тартуда. Әупіріммен оқу бітірген түлек кібіртіктеп, аз-мұз кешіксе болды, әп-сәтте бағдарлы жолынан жаңылып, жұмыссыз қалады. Нарықтың толқымалы табиғатын түсіне бастаған Батыс университеттерінің критикалық ойлануға айрықша мән беріп жатқаны содан. Албарынды бакалавр да, ақыл тоқтатқан докторант та «сritical thinking» деген ұғымның шарапатымен танысып, жадына таңбалауға тиіс, басқаның бәрі тіркеме, үстеме ғана…[толығырақ журналда]

Пікір қалдыру |

A- A A+
Журналға жазылу

 

Аты-тегі:*
Мекен-жайы:*
E-mail:*
Телефон:*
Нөмірлер саны:*
button_21
×