Джеймс Алтучердің алымды кеңесі

88

Америкада мадаққа ілініп, бестселлер санатына енген «Choose Yourself» атты кітаптың мазмұнын журналымыздың бірінші санында берген едік. Айтылмыш кітап заманымыздың айрықша қатайып бара жатқанын, сәйкесінше, биіктен үміті бар әрбір адамның жеке кәсібін дөңгелетуге, білімі мен машығын тереңдете беруге тиіс екенін ескерткен-ді. Бұл тарапта жазылған еңбектер мен басылған мақалалар ұшан-теңіз болған себепті оқымандарымыздың көңілі алағызып, бүйірі қызбаса керек. Айтыла-айтыла таптаурын болған мәселе деп мүлдем жадағай тастаса, таң емес.

Дей тұра, «Choose Yourself» қатардағы көп кітаптың бірі емес еді. Бір бойында инвесторға, программиске, жазарманға және кәсіпкерге тән сыпаттардың бәрін жинаған Джеймс Алтучер бастан кешкені мен баспен жеткенін жеткере жазған-ды. Әсіреқызыл сөздерге жығылып аспани дүниелерді қозғамады, көзге қанықты тіркестерді қолданып тағылымды түйіндер жасады. Үгіті мен насихаты сол себепті мейлінше алымды һәм нанымды шықты.

Жә, бүгінгі кеңесіміз «Choose Yourself» төңірегінде емес, Джеймс Алтучердің ұстанымдары мен өмірлік қағидалары жайында. Тиянақты көзқарасы, тамырлы құндылықтары жоқ адамның бұралаңы мол өмір өткелдерінен аман өтіп, көзеген мұратына жетуі – қиынның-қиыны! Көп жағдайда жігер мұқалып, қайрат қайтады, үміт үзіліп, сенім жұқарады. Жасы қырықтарды орталаған Алтучер талай қауғаны бастан өткерген. Алайда мұрттай ұшып, морттай сынып, бордай уатылса да, адаспаған, аласұрмаған, иіліп барып қайта серпілуге күш тауып отырған. Өз айтуына қарағанда, жанының сірілігі құбылнамасының ірілігінен екен. Сүй деп мақтанған соң, байқап көрейік дедік. Қысталаңда Джеймс Алтучердің бойына күш, көкірегіне нұр құйған құбылнаманың аудармасын төменде беріп отырмыз.

Джеймс Алтучер бүй дейді: [толығырақ журналда]

Пікір қалдыру |

A- A A+
Журналға жазылу

 

Аты-тегі:*
Мекен-жайы:*
E-mail:*
Телефон:*
Нөмірлер саны:*
button_21
×