Шеберлікке жету үшін не керек?!

Өткен ықылымның соңғы үшегінде ерлі-зайыпты Ласло мен Клара Полгар қадымнан келе жатқан, тамырлы стереотиптердің бірін талқандап, үлкен бедел табады. Атап айтқанда, «кеңістікте ойлануды керек ететін шахмат сияқты ойындарға қыз балалар шорқақ келеді» деген ұшқары пікірді біржола теріске шығарады. Ауқымды зерттеулер, келелі конфецеренциялар өткізу арқылы емес, қыздарының шеберлігі мен машығын арттыру арқылы.
Полгар жұбының атаулы мәселеге айрықша іждағатпен кіріскені аңдалады. Мектеп жасындағы қыздарын міндетті сабаққа жібермей, от басы, ошақ қасында оқытуға шешінуі – соның айғағы. Тәуекелі кемел ата-ананың мектепке деген ықылас-пейілі кіреукеленді ма, кім білсін, екі арада жік-жапар болған мектеп басшылығының айқай-аттанына тіпті міз бақпайды. Не керек, үй ішінде үйреншік сабақтармен бірге, «ата-анамен шахмат ойнау» деп аталатын алабөтен дәріс те тұрақты кесте бойынша жүргізіле бастайды. Шахматтың тылсым әлемімен там-тұм таныса бастаған әр түрлі жастағы үш қыз уақыт оза келе шатыраш тақтасымен туысып, біте қайнасады.
Полгар отбасының жүйелі дайындықтары мен күнделікті жаттығулары көп ұзамай алғашқы жемісін береді. Ақылы толысқан, шеберлігі шыңдалған қыздар 2000 жылдар мұғдарында әлемнің ең мықты 10 шахматшысының қатарына ілігеді. Үйдің кенжесі, Джудит, 15 жасында гранд мастер атанып, атақты Боб Фишерге тиесілі титулды 1 айлық көрсеткішпен жаңартады. Ер адамдармен бәйгеге түсіп машыққан ол салтанатты көп турнирдің бірінде аты аңызға айналған Гарри Каспаровтың өзін еңсере тықсырып, тізе бүктіреді. Бүгінде Джудит Полгар есімі әлемге әйгі, әсіресе, жолы жіңішке әйел қауымының арасында айрықша құрметпен аталады… [толығырақ журналда]
Пікір қалдыру алдыңғы мақала | келесі мақала


