Түскі ұйқының пайдасы

Испания мен Италияның түстік пұшпағын жайлаған халықтың тіршілік кебі үйлес, дәстүр-салты ұқсас келеді. Басқасын айтпағанда, сиеста деп аталатын дәріпті ғадет екеуіне де ортақ. Испан лұғатында түскі ұйқы деген мағнаны білдіретін сиеста сөзі әлем тілдеріне әлдеқашан еніп кеткен. Ешбір өзгеріссіз, қаз-қалпында.
Испанияның астана байтағы – Мадрид қаласында жұмыс уақыты 09:00 басталады. Алайда халық отырған орнында шегеленіп, сәскеге дейін қимылсыз қатып қалмайды. Сағаттың тілі 10:30-ды көрсеткенде кофе ішуге далаға шығады. Дәл осы уақытта көше бойында үйездеп отырған адамдарды көптеп кездестіресіз. Айтылмыш мәуріт көпке созылмайды. Үлкенді-кішілі шара аяқ кофелерін сыздықтап ұрттаған жұрт бір кезде жапыра түрегеліп, қайтадан жұмыс орындарына ағылады. Бұлжымас рәсім. Қанға сіңіп, буынға түскен мінез.
Қызметкерлерге жасалатын алабөтен кеңшілік мұнымен бітпейді. Түскі ас 2-3 сағатқа дейін созылады. Жай мызғып алу емес, ұйқыны қандырып алуға болатын дарқан уақыт. Есесіне, міндетті жұмыс қас қарайғанда бір-ақ бітеді. Британияда прайм-тайм бағдарламалары 19-00, ал Испанияда 22-00 басталатыны содан. Отбасы мүшелерінің алды-арты жиналып болғанша ымырт жабылып, сам жамырайды деген сөз…[толығырақ журналда]
Пікір қалдыру алдыңғы мақала | келесі мақала


