Технологиядағы Тегеурінді Төрт Тренд

Го – IV ғасырда Қытай жерінде пайда болған стратегиялық ойын. Батыста Го деген атпен белгілі ойынның тума атауы – уэйчи (围棋). Азияның бірқатар елінде қанат жайған Гоны ойнайтын жұрттың қарасыны әсіресе Қытай мен Жапонияда көп. Бір дерекке сенсек, алдыңғысында 40, кейінгісінде 10 миллионды төңіректейді.
Бір мезгілде екі адам ғана ойнай алатын Го шиырлы да шиыртпақты ойын. Сол себепті компьютер бағдарламасына көшуі мейлінше қисынсыз көрінген. Уақыт оза келе, мұның да емі табылады. Шатыраш тақтасы құсап, Го да электронды қалыпқа түседі. Бірте-бірте айла-шарғысын молайтып, мақтаулы ойыншыларды сан соқтыратын шеберлікке жетеді. Пұшайман болған көп мықтының қатарында Оңтүстік Кореяның чемпионы да бар. Осы жақында ғана Альфаго компьютерлік бағдарламасы озықтардың ішінде Бірінші атанған Ли Се-Долдың салын суға кетірді. Бес матчқа созылған ойынның ақтық нәтижесі – 4-1. Жасанды Интеллектінің (Artificial Intelligence) қаумет-қуаты артық екені тағы да байқалды.
1997 жылы Гарри Каспаровты еңсере тықсырған IBM-ның Deep Blue бағдарламасы жеңіске ықтимал нәтижені алдын-ала есептеу арқылы жеткен. Ал, оңтүстік корейлікті тұқыртқан Альфаго болса, ойын үстінде тепе-тез бейімделетін қасиетінің арқасында басым түсіпті. Альфаго-ны жасап шыққан мамандар ұзын саны 100 000 ойынды бажайлап тексеріп, 30 миллион рет қайталаған екен. Лондондық стартап DeepMind-тың шаңырағында қаншама мехнаттан соң дүниеге келген Альфаго 2014 жылы Google-дің қарауына өтеді. Алымдыны жөргегінде танып, абжыландай жұтып қою – ірілердің үйреншік әдеті…[толығырақ журналда]
Пікір қалдыру алдыңғы мақала | келесі мақала


