Қаржылық Интеллект

6

Карен Берман, Джо Найт, Джон Кэйз-бен бірге

Қалыптасқан жора бойынша, үлкенді-кішілі бизнестер қаржылық есептерін кесімді бір уақытта жеке вебсайттарында иәки оффлайн ресурстарда жарияға шығарады. Атаулы мағлұматты кез келген адам қотарып алуға, сүзгіден өткізіп, сүбелі анализ жасауға хақылы. Дей тұра, қат-қабат ақпардың шығатын күнін сарыла күтетін Уоррен Баффетт сынды инвестор, жұмыс орайымен көз жүгіртетін сарапшылар болмаса, көпшілік жұрт қаперге де алмайды. Әрине, себепті. Сан-сапалақ сандардың нендей мағна беретінін ажыратып, тану көлденең бір шаруа емес. Мидың талай талшықтары іске қосылатын шиыртпақты іс. Ең сорақысы – кейде таңбаға түскен қаржылық есептердың жалған екені белгілі болып жатады. Мұндайда ақша құйған инвесторлар мен ақыл қосқан консультанттардың жүйкесі жұқарса, жалпақ жұрттың сенімі тоқырайды. Десе де, атаулы ақпардан тақыр-таза бас тартуға ешкімнің жүрегі дауаламайды. Аузы күйгендер «ондай-ондай ханның қызында да болады» деп, бұдан былайғы уақытта мейлінше сақ, мүмкіндігінше байқампаз болуға бекінеді…[толығырақ журналда]

Пікір қалдыру |

A- A A+
Журналға жазылу

 

Аты-жөніңіз:*
E-mail:
Байланыс телефоныңыз:
×