ҚЫЗЫҚ АДАМ БОЛУДЫҢ 9 ЖОЛЫ

11

Тарихы байтақ, айдынды компанияға жұмысқа тұру – қиынның қиыны. Жүзден бөлініп шығу жетпейді, мыңнан озу керек. Сәт тілемейтін, білімі мол, ықыласы зор маман ғана сын үстінде сыр бермей, сәтімен өтеді. Себебі рекрутерлер жаңылмауға әбден машыққан, ішіңіз бен сыртыңызды ақтара қарап, бар қабілетіңізді бүге-шігесіне дейін тексереді. Бет пердеңізді жұлып, бүркеулі болмысыңызға қапысыз қол созады. Отқа да айдайды, тасқа да салады, бірақ, түптің түбінде, жетеңіздің бар-жоғын анықтауға жарайды. Мақтарлық, игі қасиеттеріңізбен бірге, жұмысқа кесірі тиетін кеселді әдеттеріңізді де таниды. Ақырында, өздеріне қажетті кісіні тауып алады да, лайықты лауазымға жеткізеді.

Компаниялар әр түрлі индустрияда қанат жайғанымен, рекрутинг тәсілдері мен талғам-таңдауы үйлес келеді. Бәрі дерлік қия беттен тайғақсыз жол табатын, ынтымақты ұжымның тұнығын шайқамайтын, сегіз қырлы бір сырлы адам іздейді. Мұндай адам көп жайға қанық болса да, бойындағы барын қанағат тұтпай, қабілетін шыңдап, білімін жетілдіріп тұруы, кез келген адаммен еркін қатынасып, тіл табатын болуы керек. Жақында Entrepreneur журналы осындай адам болудың 9 әдісін әйгілепті. Төменде атаулы мақаланың мазмұнын ұсынамыз.

1. Жаңа машықтарды игеру

Жан-жақты болыңыз. Он саусағынан өнері тамған адамды үлкен-кіші түгел іздейді. Оқтын-оқтын ошар алып, хал-жағдайын сұрап тұрады. Біреу веб дизайн жасаймын десе, шет жұрттың тіліне жетігемін десе, демесін болатын таныс іздесе, сізге келсін. Сіздің сала-құлаш нетворкыңыздан толайымен пайдалансын. Алыстағы арбалап, жақындағы дорбаласа да, сіздің қабілет-машығыңыз сарқылмасын, ауқымдана түссін… [толығырақ журналда]

Пікір қалдыру |

A- A A+
Журналға жазылу

 

Аты-тегі:*
Мекен-жайы:*
E-mail:*
Телефон:*
Нөмірлер саны:*
button_21
×