ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ӨНІМДІЛІГІ ТУРАСЫНДА
Даниел Левитиннің «The organized mind» атты кітабынан үзінді
Даниел Левитиннің пікірінше, қызметкерлердің бәрі дерлік өнімді еңбек етпейді. Айырма керенаулықтан, жалқаулықтан емес, көбінеки қабілеттердің, тұлғалық мүмкіндіктердің әркелкілігінен туындайды. Дейтұрғанмен, кейде кілтипан жұмыстың табиғатында жатады. Неврология мен әлеуметтік психологияның соңғы табыстары жұмыстағы өнімділікті арттыруда менеджерлердің ықпалы орасан, дейді. Рас, аталмыш зерттеулерде «айқын мақсат қойып», «салмақты пікір білдіру» (high-quality feedback) сынды айтыла-айтыла таптаурын болған ақыл-кеңестер де ішінара кездеседі. Сонда да көз тоқтатар, ірі жаңалықтар да аз емес. Негізгі түйін мынадай: Қызметкерлер бойларына шақ жүк көтерсе ғана көңілдері тоқ, уайымдары жоқ болады. Басқаша айтсақ, қызметкерлердің өнімді еңбек етуі (employee productivity) жұмыстан қанағаттанып-қанағаттанбауына (job satisfaction) тікелей қатысты. Өздеріне жүктелген міндетті үддесінен шыға атқарып жүргенін сезінген кісілер ғана артықша іждағаттылық танытып, қосымша күш жұмсамақ…
[толығырақ журналда]
Пікір қалдыру алдыңғы мақала | келесі мақала



