«Болмасаң да, ұқсап бақ…»

13

Аңсағай күмбезді ашық аспаннан төмен қарағанда көз ұшына түйетайлы төбешік, бөкен жон адыр, қырқалы белес пен асқар таудың емескі қарасы, жадау сұлбасы ғана ілінеді. Әрқайсының өз биігі, бойына шақ айбары барын тек жерге түсіп, айнала қарағанда ғана байқайсыз. Тау дегенің қара жерге қазық боп қағылған, басын ақша бұлт басқан, тұрқы сұсты, оқшырайған тұғыр екен. Жақындаған сайын ұлғая, зорая түседі. Ұшар басына жету – қиынның қиыны. Төменнен көз тастап, көңіл делбесеңіз де жетеді. Ал бірақ қайрат қылып, биік шыңына көтерілуге жарасаңыз, бүткіл дүние аяғыңыздың астында керіліп жатады. Керісінше, төбешік дегенің тұрқы тұлдыр, жатаған топырақ үйіндісі екен. Маңғазданбайды, аз-маз күш жұмсағанға асу береді, асыр саламын дегенге кеудесін ашып, құшағын жаяды. Өкініштісі, қарымы шолақ, мүмкіндігі шектеулі, ойыңызды ұзартпайды, танымыңызды кеңейтпейді.

Ғылым да қатпары көп, қалтарысы мол, шиырлы да шиыртпақты әлем. Оның да өз төбешігі, жыра-жықпылы, тау-тасы бар. Мұндағы төбешік те, қырқа-белес те мүлде иен емес, келімді-кетімді. Белгілі бір низаммен ауысып тұратын жолаушылардың ортақ ныспысы бар. Оларды жұрт ғалым деп атайды. Аталмыш қауым қонысты көп жаңартады, межелі биігін еңсерген сайын намы өзгереді, атағы асқақтайды. Бірі доцент атанып жатса, бірі профессор, академик деген құрметке жетеді. Күнгейі мен көлеңкесі көп бұл әлемге көлденең біреудің аяқ артуы неғайбыл! Іште жүрген бірқанша білгірдің мақұлы керек. Олар ойласа келе, лайықты деп тапса, виза есепті бір қағаз ұстатады. Бұл құжат қазіргі заманда PhD (Doctor of Philosophy) деп аталады.

Осы мақаламызда PhD дәрежесінің табиғатын, экономикалық салмағы мен әлеуметтік әлуетін сөз етеміз.

Бұдан бір ғасыр бұрын университет қабырғасында дәріс оқу үшін ғылыми дәреже қажет емес-тін. Оқытушылардың дені бакалавр тауысқан, жүзінде ақыл тұнған тұлғалар еді. Екінші Жихан Соғысынан кейінгі жылдары жұрт жаппай жоғарғы оқу орындарына құйылады, сәйкесінше, талап күшейіп, докторлығы жоқ оқымыстының саны азаяды. 1970 жылдарға дейін PhD дәрежелі студенттердің жарымына жуығын дайындап келген Америка университеттері қарқынын одан әрмен үдетіп, дипломы бар ғалымдарды мыңдап шығаратын жағдайға жетеді…[толығырақ журналда]

Пікір қалдыру |

A- A A+
Журналға жазылу

 

Аты-тегі:*
Мекен-жайы:*
E-mail:*
Телефон:*
Нөмірлер саны:*
button_21
×