ТҮРТПЕ / Nudge
Ричард Талер (Richard Thaler) – Чикаго университеті Бут бизнес мектебінің экономика және бихэйворал ғылымдарының профессоры
Касс Санстейн (Cass Sunstein) – Гарвард университетінің заң ғылымының профессоры
Ричард Талер, Касс Санстейн
Авторлар атаулы кітаптың әлқиссасын Кэролин есімді қызметкердің мектептегі тәжірибесімен бастайды да, аса тағылымды түйіндер жасайды.
Кэролин – жүздеген мектеп пен мыңдаған оқушының ішіп-жеміне жауап беретін, тамақтану (nutrition) бойынша арнайы оқу тауысқан, жаңа жобаларға, тың ойларға көп жүгінетін, креативті тұлға.
Бірде жергілікті супермаркеттер желісінде кеңесші боп істеген досы Адаммен шүйіркелесіп отырып, Кэролин: «Мектептегі ас мәзірін титтей де өзгертпей, асханадағы тағамдарды басқаша орналастырса қайтеді екен?», – деп сұрайды. Балаларға таңдау еркіндігін бере отырып, денсаулыққа пайдалы, табиғи тағамдарды алдымен тартуға бола ма, жоқ па, соны байқастамақ екен. Адам қайткенде де ойлағанын іске асыратын Кэролиннің меселдесін қайтармайды, батасын беріп, қолдасуға келіседі. Көп ұзамай, жер-жердегі асхана басшыларына тағамды жаңаша орналастыру туралы пәрмен түседі. Кей мектептерде десерт алдыңғы орынға шығып, кейбірінде соңғы қатарға ығысады, ал басқаларында ретсіз, ала-құла жайғасады…[толығырақ журналда]
Пікір қалдыру алдыңғы мақала | келесі мақала



