ЛЕСТЕР СИТИ
Биыл футбол әлемі дүр сілкінді. Еуропа шегінде өтіп жатқан кездесулерді іждағаттылықпен тамашалайтын жанкүйер қауым айрықша толқыды. Түсінікте де. Алманияда Бавария, Испанияда Барселона, Францияда ПСЖ сынды мағлұм-мәшһүр клубтар үйреншікті тұғырға көтеріліп жатқанда ағылшынның дабыралы кубогы бұрын аты шықпаған – Лестер Ситиге бұйырды. Соңғы жиырма жылда тегеурінді төрт клубтың қанжығасында кетіп отырған кубокты Лестердің еншілеуі – сөз жоқ, тосын оқиға. Іргесі бүтін, бюджеті қомақты серектер секем алатын, ал чемпиондықтан үміт үзген талайсыз топтар серпіліп қалатын төтенше құбылыс.
Лестердің жетістігіне ұйытқы болған себептер көп. Бәрін санамалап жату қажет емес. Біздіңше, шешуші дейтін үш фактор бар. Соларды ретімен таратамыз.
1-Лестер – кәсіпкерліктің ұйықты мекені
Немістің ойшыл қаламгері Гөте ірі іс бітіру үшін әуелі ірі болу керек депті. Үлкен мақсатқа үлкен адам ғана жетеді деген сөз. Жаңа көктеген дән топырағы май, суы бал жерде өссе ғана мол өнім береді деген сөз. Осы тұрғыдан алғанда, Лестер Ситидің даңқты Челсиді ықтырып, Манчестер мен Ливерпульдің кеуделі клубтарын қабатымен бұқтырып, қарымды Арсенал мен алымды Тотенхэмның бағын байлап, күтпеген жерден үшпаққа шығуы – ертегілік оқиға боп көрінгенімен, мүлде қисынсыз емес. Қайта, артында кәделі елі, қордалы қаласы тұрғанда төбедегіні кешігіп барып алғанына таң қаласыз!
Лондоннан таяқ тастам жерде ірге тепкен Лестер – қатардағы көп шаһардың бірі емес, тарихы байтақ, базарлы, дулы қала. Әр жерде қаңырап бос тұрған еңселі ғимараттар – кешегі даңқты күндердің айғақты дәлелі. Алыс-жақынды текстиль өнімдерімен жабдықтап келген Лестер 1936 жылы Еуропадағы ең дәулетті екінші қала атанған. Шалқып-толқып жарым ғасыр тағы отырған…[толығырақ журналда]
Пікір қалдыру алдыңғы мақала | келесі мақала




