АСА ТЫНДЫРЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ 7 ӘДЕТІ
Стивен Кови
Данагөй Аристотель: «Біздер – күнде қайталанатын істердің жиынтығымыз. Ендеше, шеберлік (excellence) – әрекет (act) емес, әдет» деген екен. Расында, дағдылы әрекеттер мінезімізді айқындайды, болмысымызды қалыптайды. Қалтқысыз қайталанатын қандай да іс бірте-бірте қанға сіңіп, буынға түседі, ілгеріде ұнасымды-ұнасымсыз толып жатқан жағдаятқа жетелейді. Кісі ұлынің теріс әдеттен құлан-таза арылып, жақсылыққа бастайтын игі қасиеттерді бойға сіңіруі – түбінде үлкен пайдаға шығатын дәріпті қадам ғана емес, таудай талап пен ғаламат жігер тілейтін қиын шаруа.
Стивен Ковидің пайымында, әдет – білім (knowledge), машық (skill) және тілектің (desire) ортақ сығындысы, үшеуінің тоғысында жатқан дәркер дүние. Білім – нені және неліктен жасау қажетін анықтайды, машық – оны қалай іске асыру керегін көрсетеді. Ал тілек болса, ынта, ықылас, қалау сынды рухани серпін жаратады. Қандай да істі әдетке айналдыру үшін осы үштікті теңдей жегіп, бірдей қолдану керек.
Автор бажайлаған 7 әдет – ішінара бөліп-жаруға келмейтін, біртұтас жүйенің ажырамас бөлшектері. Бұлар тәуелділікті азайтады, тәуелсіздіктен құтқарады, адамдар арасында өзара-тәуелділік деп аталатын құндылық жаратады…[толығырақ журналда]
Пікір қалдыру алдыңғы мақала | келесі мақала



