РИД ХОФФМАН: ЖАҢА ЗАМАНДА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ЖАҢАША БАҒАМДАУ
«Әр түрлі себепке байланысты ең мақтаулы қызметкеріңіз жұмыстан кетуге шешінуі мүмкін. Мұндай оқыс шешім қаншалық ауыр тисе де, кейде салқын ақылмен қабылдаған дұрыс». Бұл – LinkedIn-нің негізін қалаушы Рид Хоффманның «Одақтастық» (The Alliance) атты еңбегінде айтылған бағалы кеңес. Хоффман мырзаның Fortune журналына берген сұхбатының ықшамдалған мазмұнын төменде беріп отырмыз.
Рид Хоффман
Көпке белгілі, бүгінде бір компанияға тұтас байланып, қалтқысыз қызмет ету мүмкін емес. Қабілетті жандарды тартуға себі тиетін тәсілдердің көп екенін байқап жүрміз. Сонда да компаниямыздағы әлдебір қызметкер басқа жұмысқа ауысу туралы емеурін танытса, әдетте сабырдан айырылып, сасқалақтап қаламыз.
Анығы, уақыт озған сайын соны үдерістер мен тың инновациялар ғаламның қазіргі қалыбын өзгерте береді. Кейінгі бетбұрыстар нарықтағы қарым-қатынасты жаңа өреге шығарып, басымдықты жұмыс берушіден қызметкерге ұстатты. Сондықтан көреген басшы бастағы бақыт құсын ұшырып алмау үшін бар назарын сыртқа емес ішке, қызметкерге аударғаны дұрыс. Данагөй басшы қарауындағы кез келген адамның жеке мақсаты, өз шамасына сай мұраты барын білуі керек. Жетелі қызметкердің арманы ішінде булығып, мүлде тұншығып қалмау үшін онымен емен-жарқын сұқбаттасып, қалаулы позициялары турасында сөйлесіп тұрғаны жөн. Мұндай риясыз әңгімелер ертең келеңсіз жайттардың алдын алады. Жүрекжарды арманына қарай ілдебайлап жылжып келе жатқанын білетін қызметкер жоқ жерден дау шығармайды, ең бір жауапты сәтте сыртын беріп, сытылып кетпейді…[толығырақ журналда]
Пікір қалдыру алдыңғы мақала | келесі мақала



