ПИТЕР ТИЛ: СӘТТІ БИЗНЕСТЕРДІҢ БӘСЕКЕЛЕСІ АЗ БОЛАДЫ

peter-thiel-forbes

Стэнфорд Университетінің заң факультетінде оқитын Блэйк Мастерс 2012 жылдың көктемінде Компьютер Ғылымы CS183 деген дәрісті алуды ұйғарады. Атаулы дәрісті басқа емес, PayPal төлем жүйесінің кофаундері және Facebook-тың тұңғыш инвесторы – Питер Тил жүргізеді. Ол – бизнестің қағидаларын қапысыз таныған кәсіпкер ғана емес, стартап инвесторы, хедж фонд менеджері, заманымыздың озық ойлы интеллектуалы.

Қызығы, Мастерс алғашқы күннен бастап дәріс кезінде естіген соқталы ойлар мен айшықты сәттерді таңбаға түсіреді де, бірте-бірте Tumblr блогына көшіреді. Көп ұзамай, оның жазбалары миллионнан астам оқырманға жетіп, интернет сенсациясына айналады.

Ойда-жоқта атаққа шыққан Питер Тил мен Блэйк Мастерс, көп ұзамай, айтылмыш жазбаларды өңдейді де, тазалай көшіріп, «Нөльден бірге дейін: Стартаптар туралы жазбалар немесе қалайша болашақты сомдай аламыз» (Zero to one: Notes on Startups, or How to build the Future) атты кітапқа айналдырады…[толығырақ журналда]

Пікір қалдыру |

A- A A+
Журналға жазылу

 

Аты-жөніңіз:*
E-mail:
Байланыс телефоныңыз:
×