БІЛІМГЕ ҚҰМАР, ҮЙРЕНУГЕ АСЫҚ АЗИЯЛЫҚ-АМЕРИКАЛЫҚТАР
Батыстың беделді университтерінде оқыған жастар қытай, үнді текті студенттердің айрықша іждағатты, еңбекқор келетінін байқайды. Күні-түні кітапхананы жағалап, жалықпай оқитындардың көбі құбақан жүзді азиялықтар екенін жұмыс берушілер де (employee) біледі. Сондықтан орайы келіп жатса, жолын ашып, мол кесімді жалақы тағайындайды. Жаһандану заманында білім-білікке сүйеніп, мансапқа жетіп жатқан аталмыш қауымның АҚШ-тағы жағдайынан аз-маз сыр таратамыз.
Бұдан бір мүшел бұрын New York Times газетінің тілшісі Томас Фридман Еуропаны асып, Қытайды басып, Үндістанды тегіс аралап, төтенше бір үдерістің сұлбасын байқайды. Көп ұзамай, көрген-білгенін қағазға түсіріп, «The World is Flat» деп жар салады. Дерекшіл Фридман Американың өзі болмаса да, көзі есепті – KFC, McDonalds сынды дақпыртты брендтері Азияның түкпір-түкпіріне жетіп, шаңырақ көтергенін, ал Қытайдан тамыр тартатын Chinese Restaurants Батыс елдерінде көбейіп кеткенін тәптіштей келе, «ұзақ тарих шеруінде Батыс пен Шығыс дәл бүйтіп, мидай араласпаған», – деп тоқтайды.
Сөз жоқ, содан бері технологияның қарымы ұзарып, трансұлттық компаниялардың қарасыны көбейді. Басқа елдерге барыс-келіс артып, араластық молайды. Визалық кедергілер күн озған сайын азайып, халықаралық туризм қарыштап дамыды. Үлкенді-кішілі зауыт-фабрикалардың ұйықты мекені – Қытай үдемелі урбанизацияны жүзеге асырып, теңдесі жоқ, телегей нарыққа айналды. 1997 жылы ғана қоныс жаңартқан HSBC компаниясының соңғы уақытта Лондоннан жалығып, кіндік кескен нүкте – Гонг Конгты аңсай бастауы да тегін емес…[толығырақ журналда]
Пікір қалдыру алдыңғы мақала | келесі мақала



