Қаржылық сауат жас кезден басталса…

7

Көп жылдар бойы жас ұрпақ ақша мен қаржы тәріздес айрықша мәнді ұғымдармен отбасында, арнайы дәрістер арқылы мектепте танысып келді. Алайда, атаулы сабақтардың пайдасы шектеулі, берері аз боп шықты. Бұлай деп айтулы психологтар, беделді экономистер, және басқа саланың саңлақтары тоқтаусыз айтып жүр. Әлбетте, құр айғай, мағынасыз аттан емес, жаңа бағыт, тың бағдар іздейік деген риясыз ниет көрінісі.

Өткен жылы Гарвард Бизнес мектебінің қаржы профессоры мен бір топ зерделі зерттеуші қаржы дәрістері міндеттелген АҚШ штаттарындағы мектеп бағдарламасын кеңінен зерттепті. Дәрістердің мазмұны мен сапасына бажайлай қараған ғалымдар мектеп түлектерінің кейінгі әл-ауқатына да назар аударған. Мақсат – мектептегі қаржы дәрістерінің пайдасы мен әсерін байқастау. Зерттеу кезінде аймақтар, ондағы оқушылардың жас пен жыныс ерекшеліктері, нәсілдік топтар және алған дәріс мерзімі, тағысын тағы факторлар ескерілген. Сөйтсе, «қаржы дәрістерін алған оқушы қаржы саласына қатысты білім емтихандарынан сүрінбей өтіп, артынша ұтымды шешімдер қабылдайды» деген тамырлы ұғымға мүлдем қайшы деректер табылған. Мектепте сіңірілген қаржы білімі нақты өмірде айтарлықтай рөл атқармайды екен. Қаржы дәрісін тыңдағандар мен одан қақас қалған шәкірттердің қаржылық активтері мен кредит менеджменттері арасында титтей де айырма жоқ.

Дейтұрғанмен, жақында жарияға шыққан ауқымды бір зерттеу балалардың қаржылық жетістіктеріне тікелей қатысы бар бір дәрістің атын атап берді: ол – математика. Математиканы қазып, түкпірлеп оқыған мектеп түлектері ілгеріде қаржы менеджментіне жетік, инвестицияға машықты келеді екен. Сонымен қатар, кредит картасының төлемдерін мезгілінде өтеп, ипотека жөнінде ұтымды шешімдер қабылдағандардың дені математикаға икемі бар адамдар боп шыққан… [толығырақ журналда]

Пікір қалдыру |

A- A A+
Журналға жазылу

 

Аты-тегі:*
Мекен-жайы:*
E-mail:*
Телефон:*
Нөмірлер саны:*
button_21
×