Кәсіпкерге пайдалы 5 кітап

6

Кітап оқу – айрықша табандылық, үлкен іждағаттылықты керек ететін өзгеше қарекет. Сірә, мазасыз бейнет, тынымсыз тіршілік арасынан иен-тегін, бос уақыт табу күн өткен сайын қиындап барады. Ал бірақ табыла кетсе, шақтаулы уақытыңызды тек бағалы, дәркер кітапқа ғана жұмсар едіңіз. Солай ғой?! Орташарқы көп дүниенің бірін емес, сүзгіден өткен сүбелі шығарманы ғана оқыр едіңіз.

Кітап нарығында пайдалы кітаптар шаш-етектен. Кейсі ескінің маржан қазынасы болса, кейсі сиясы кеппеген тың дүние. Осы ретте Entrepreneur журналы ұсынған төмендегі кітаптар – бүгінгі тіршіліктің қолма-қол керегі үшін нағыз қажетті туындылар. Бұлар – іргелі зерттеулерге негізделген, қайыра оқылатын, маңызды шығармалар.

1. Джеймс Альтучер (Choose Yourself)

Бұл кітап уақыт пен ақша мәселесін ойлап, уайым жеген жандардың көптеген сұрағына жауап береді. «Кәсіпкерлер жобаны іске асыруға қажетті қуат пен серпінді сырттан іздемей, іштеріне үңілсін, өздерінің болмыс-бітімін тануға, қасиеттері мен басымдықтарын ұғынуға тырыссын», – дейді автор. Әдетте, адам ұғлы өмірдегі мақсат-мұратын талмай іздейді де, бақытты болуды кейінге ысырады, болашақтан күтеді. Бақытты болудың жолдарын неге тап қазір іздемеске?
«Өзгелерге пысқырмай, өзіңізді таңдаңыз. Бұл дәуірде әрқайсымыз көңіліміз соққан, жүрегіміз қалаған кәсіппен шұғылданып, өрісімізді кеңейтіп, қызметкер де, кәсіпкер де, тіпті, инвестор да болуға мықтап бел байлауымыз керек» екен (кітаптың қысқаша мазмұнын осы санымызда беріп отырмыз).

2. Райан Холидэй (The Obstacle Is the Way)

Бұл еңбекке Рим Легионының және оның көшбасшысы Маркус Аурелиустің «жолайғы кедергілер мен бөгеттерді қасқая қарсы алсақ, ырқымызға оңай көндіреміз» деген қағидасы арқау болған. «Көлденең кесел мен бөгесіндерді айналып өтуге емес, қайта оларды патша көңілмен қарсы алып, соған қарай ұмтылыңыз. Бұл өз кезегінде инновация мен берекелі шешімдерге жетелемек».
Атаулы кітаптың әрбір тарауы кәдеңізге жарайтын қисынды бизнес кеңестерге толы…[толығырақ журналда]

Пікір қалдыру |

A- A A+
Журналға жазылу

 

Аты-тегі:*
Мекен-жайы:*
E-mail:*
Телефон:*
Нөмірлер саны:*
button_21
×