Карьераны МсКinsey-де бастау – қалаулы мұрат
Тегеурінді әлемдік трендтер қандай да индустрияны шайқай бастаса, ақыл айтатын, жол көрсететін фирмалардың дәурені басталады. Мәселен, қаржылық дағдарыс жан-жақтан қысқан қысталаң жылдары менеджмент консультанттары титтей де ұтылмады. Қайта табысы молайып, дабырасы арта түсті. Сырттай қарағанда, бағыт сілтеп ақша табу оңай боп көрінсе де, атаулы салада атаққа шығу, сенімге жету аса қиын. Сірә, қиналысқа түскен үлкен бизнестер тыңнан ақыл қосатын данагөйге емес, айтқанын іске асыра алатын, қиындықтан шындап құтқаратын, сөзі мен ісі үйлес, тәжірибесі мол консультантқа жүгінеді. Ондайларға сұраған ақшасын қиналмай береді. Дағдарыстың зәрі сынған 2011 жылы атақты Bain 17.3%, BCG 14.5%, ал McKinsey 12.4% өсуі содан.
Көп жылдардан бері аудитпен айналысып келген таңдаулы төрттік – KMPG, PwC, Deloitte, Ernst&Young, соңғы жылдары мақтаулы үштіктің – Bain, BCG, McKinsey алдын орап, консультация саласындағы үлес-салмағын арттырып келеді. Көмектің көбі технологияның интеграциясымен байланысты. Сондықтан олар осы салада аз-кем тәжірибесі бар кішігірім фирмаларды сатып алуға барынша ықтиятты боп алды. Бұдан бірқанша жыл бұрын Deloitte атағы шықпаған, шағын Monitor компаниясын бауырына басқанда көлденең жұрт екеуінің жарасты тіршілігіне күмән білдірген. Алайда, мақтаулы үштікпен жарысқа түскен Deloitte жарастықтан бұрын, болашақта пайдаға асар басымдыққа көбірек мән беретінін байқатты. Осындай ниетті PwC-дан аңғаруға болады. Бәсіре бизнестеріне келген қауіпті мақтаулы үштік те мойындайды. Бірақ алға оздырып алмайтынына мейлінше сенімді.
Қызығы, қатерлі қауіп тек жаңа бәсекелестер тарапынан емес, клиенттер жағынан да төніп келеді. Соңғы уақытта кейінгілер айтарлықтай тәжірибелі, әккі боп алды. Бұрнада BCG-да стратегия бөлімінің басшысы болған Индра Нуи кейін PepsiCo-ның тізгінін алғанда консультанттарды қатты қинаушы еді. Бірақ бұл шетін, әредік жағдай-тын. Бүгінгі таңда карьерасын мақтаулы үштікте бастап, кейінде әлдебір компанияның CEO-сы атанған адамдар көптеп саналады. Әрине, ондайлардың көмекке келген консультанттарға талабы жоғары болады…[толығырақ журналда]
Пікір қалдыру алдыңғы мақала | келесі мақала



