Программинг тілдері

9

Программистер үшін еңбек нарығы айрықша жомарт. Күрделі дүниені тәртіпке қойып, ыңғайлап, жүйеге салатын бесаспап IT мамандарын алыс-жақын түгел іздейді. Ондайларға сұраныс үнемі артып, толассыз ұлғаюда. Дейтұрғанмен, бұл тарап та бәсеке-жарысқа кенде емес. Қатардан озып, топ жару қиынның қиыны. Білімі жетік, тегеурінді программист атану, мықтылармен теңдей жарысу үшін бірсыпыра программинг (программалау) тілдерін меңгермек керек. Осы турасында аз-маз мағлұмат.

Программинг тілдері сан алуан. Жалпақ жұртқа белгілісі – Java. 1995 жылы Sun Microsystems қалыптаған Java бір процессордан екіншіге оңтайлы тасымалдау және қандай да бір кодты жазып, оны барлық жерге қондыру мүмкіндігін береді. Бұл – ең үлкен басымдығы. Ал, атышулы C# (Си-шарп деп оқылады) программинг тілін нарыққа шығарған – Microsoft компаниясы. Sun Microsystems пен Microsoft арасында бұрыннан жалғасып келе жатқан қызу бәсекенің қалтқысыз нәтижесі.

Шынтуайты сол, программинг тілдерінің эволюциялық даму жолы ортақ, шыққан тегі бір. Алайда, келесі ұрпақ тілдері қашанда өзі тілдесетін компьютерден алшақтай түскен. Бірінші ұрпақ тілдері 1 және 0 мен орталық процессор жадындағы даталарды манипуляция жасаса, екінші ұрпақ тілдері әріптер мен сандарды араластырған. С, Pascal және Fortran тәрізді үшінші ұрпақ тілдері READ, WRITE және GOTO сынды ағылшын сөздерін әрі математикалық символдарды қызметке жегіпті. SQL, Mathematica және Mathcad секілді келесі ұрпақ программистерге барынша табиғи тілдесу құралдарын тарту еткен. Ал, бесінші ұрпақтың тілін дамытуға қыруар қаржы құйған жапон үкіметі сәтсіздікке ұрынған. Негізгі себеп – нарықта күтпеген бетбұрыстар жасаған қарқынды интернет.[толығырақ журналда]

Пікір қалдыру |

A- A A+
Журналға жазылу

 

Аты-тегі:*
Мекен-жайы:*
E-mail:*
Телефон:*
Нөмірлер саны:*
button_21
×