Бизнес саяхаттың пайдасы

1

Саяхаттау – пайдасы мен қиындығы қатар жүретін, берекелі әрекет. Әлбетте, туған жерді уақытша болса да, тастап шығу оңай емес. Дейтұрғанмен, тәуекел етіп ел аралаған, дәтін бекітіп жер адақтаған жан қатарынан озық, төңірегінен биік тұрады. Ондай адамның мұраты да асқаралы келеді. Өзін іргедегі жүйрікпен емес, қиырдағы тұлпармен шендестіріп үйренген талапкер артығымен еңбек етуге, еншілі салада шынымен топ жарып, жаңалық ашуға бейім тұрады. Леонардо да Винчи сынды даңғылдар айрықша дарынды тұлғалармен танысу үшін бірсыпыра уақытқа ел шегінен шығандап кетуді әдет қылыпты. Мұндай таныстық, араластық қалыпты бағдарды, тамырлы ұғымдарды басқаша бағамдауға бірегей баспалдақ боп келген.

Бүгінде қарыштап дамыған технологиялар – Фейсбук, Скайп сынды құрығы ұзын жобалар алысты жақындатты, бұлдырды сейілтті, бармаған жерден құдды барып қайтқандай әсер алуға жол ашты. Бірақ «жүз рет естігенше, бір рет көрген артық» деген. Әсіресе, сөзім жебелі, ойым сүбелі шықсын дейтін интеллектуал қауым мен бәсіре бизнесім баянды болсын дейтін кәсіпкер жұрт ұзынқұлақты арқаланбай, алыс-жақынды көзбен көріп, көңілмен ұққаны абзал… [толығырақ журналда]

Пікір қалдыру |

A- A A+
Журналға жазылу

 

Аты-тегі:*
Мекен-жайы:*
E-mail:*
Телефон:*
Нөмірлер саны:*
button_21
×