CV немесе Резюме

shutterstock_160224563

Жұмыстың сізді тауып алуы – сирек құбылыс. Көбінеки, сабылып жүріп өзіңіз іздейсіз. Дейтұрғанмен, кейде мұратты жерге затыңыздан бұрын атыңыз жетіп жатады. Бағаңызды алыстан танытып, қадір-қасиетіңізді әуелден білдіріп қоятын бірден-бір елші CV немесе резюме деп аталады.

Болмысы айрықша елшінің кеудежарды арманы – сіздің ең лайықты талапкер екеніңізді неше ықылым жолдармен дәлелдеп, мүдделі жанды күмәнсіз көндіру, селкеусіз сендіру. Бар кетігіңізді толтырып, шешуші басымдықтарыңызды шегелеп, біртуар маман, ғажайып адам деп дәріптейді. Сізге қатысты, өзіңіз айтуға ұялатын, нақты, ақиқат тұжырымдар жасайды. Сырттай қарағанда, ең сенімді нөкеріңіз, сауытбұзар досыңыз сияқты ұшырайды. Сонда да абайламақ керек. Елшінің міндеті елдестіру болса да, кейсі бөтен сөз қыстырып, абырой-беделіңізден жұрдай қылады.

CV-дің түрі көп. Түп-тұқияныңызды түгендеп, бар болмысыңызды бажайлап көрсететін «жомарты» бар да, жұпыны ақпарды қанағат қып, бірер сөзбен тоқтайтын «сараңы» бар. Екеуі де орайсыз. Бәсеке-жарыс үдеген бүгінгі заманда CV-ді селқомсоқ толтыру әбес саналады. Ондайда бұйырып тұрған жұмыстың да ауылы алыстайды. Ендеше, қайтпек керек?! Білетін жұрттың тәжірибесі мен танымына сүйеніп, ең ұтымды CV-дің нобайын тоқиық. Пайдаға асар-аспас, бірақ білгенге – маржан, жасағанға – олжа…[толығырақ журналда]

Пікір қалдыру |

A- A A+
Журналға жазылу

 

Аты-тегі:*
Мекен-жайы:*
E-mail:*
Телефон:*
Нөмірлер саны:*
button_21
×