CEO және когнитивті диссонанс

shutterstock_72130540

2007 жылы басталып, тұтас екі жылға созылған ғаламдық қаржы дағдарысы бірсыпыра компанияның бас директорларын (әрі қарай CEO-Chief Executive Officer) мансаптан қағып, есептен шығарды. Базбірі қатерлі апатты алыстан танып, алдын-ала қам жасамағаны үшін кетсе, енді біреулері қаптаған қиындықтан азғана шығынмен шығудың жолын таппағаны үшін. Дағдарыстың алғашқы маусымында танымал 125 CEO-нің ғұзыры қайтарылған екен. Әлбетте, мұндай аянышты кепке барлық басшы түскен жоқ. Бірақ түскендері бірдей қателікке бой алдырған. Жақында Гарвард Бизнес Ревьюда шыққан салиқалы сараптама бейбақ СЕО-лардың ортақ сыпатына арнайы талдау жасапты.

Заманның түзу кезінде қабылданған стратегиялар мен шешімдер алмағайып уақытта тезінен өзгеріп, жаңа талаптарға бейімделіп жатады. Бұрнада пайдаға асқан әрқилы әдістер дүрбелеңге толған нарықта себесін емес, бөгесін болуы ықтимал. Алайда, талайсыз СЕО-лардың дені дағдарыстың қылпуын көрсе де, бірден илікпей, кешегі саясатына қасарыса жабысып, өздерінің туралығына өлшеусіз сенімді боп қала берген. Толғағы жеткен мәселені жадағай тастап, әуелгі бағдардан айнымауға тырысқан. Көштің жүре түзелетіні бар. Өкініштісі, түзелуді жеке басының осалдығы деп таныған өркеуде СЕО-лар компанияларының бағын байлап қана қоймай, өздерінің де болашағын тұманға айналдырған.

Расында, түпкі есепке сәйкеспейтін қандай да өзгерісті кісі ұлы қиын қабылдайды. Үйреншікті сораптың теріс нәтижеге жетелейтіні анық аңдалса да, оны толайымен тәрк ету қашанда артық қайрат, қосымша ақыл керек етеді. Дейтұрғанмен, соқталы зерттеулер ұтықсыз ой мен парықсыз практикадан СЕО деңгейіндегі өкімі зор тұлғалардан гөрі, қатардағы қарапайым жанның оңай арылатынын анықтап жүр. Талай қауғаны бастан өткеріп, әбден шыңдалған, тәжірибесі мен өзіне деген сенімі мейлінше бекіген СЕО қауымы үлкенді-кішілі қателікті мойындауға асықпайды. Абыройға көлеңке түсіріп, кейінгі карьераға кесірі тиеді деп қорқады. Мұны ғылымда когнитивті диссонанс деп атайды…[толығырақ журналда]

Пікір қалдыру |

A- A A+
Журналға жазылу

 

Аты-тегі:*
Мекен-жайы:*
E-mail:*
Телефон:*
Нөмірлер саны:*
button_21
×