Сөздік қорды байытудың маңызы
Әлемнің алдыңғы қатарлы университетіне қабылдану үшін TOEFL, IELTS, GRE, GMAT сынды емтихандардың бірін тапсырасыз. Бәрі дерлік ағылшын тілін қаншалықты терең меңгергеніңізді тексереді. Кейсі тұтасымен, кейсі математикаға қосалқы, үстеме ретінде. Көлденең біреудің арнайы дайындықсыз жоғары ұпай жинауы шетін жағдай. Сәтімен тапсыру үшін грамматиканы жете білу жетпейді. Лексикаңыз мейлінше бай, қордалы болуы шарт. Атаулы емтихандарды өткізетін мекемелер Washington Post, New York Times, Financial Times, The Economist сияқты беделді газет-журналдарды оқып, жаңа сөздермен танысып тұрудың қажеттілігін айтады. Осыдан-ақ, көп сөз білудің қаншалықты маңызды екенін аңдауға болады.
Зерделі зерттеулер, қатардағы ересек адамның 20 000-ға жуық сөз білетінін, ал көзі қарақты, интеллектуал қауымның сөздік қоры 30 000-40 000 аралығында болатынын анықтап жүр. Әрине, сөз болып отырған актив емес, пассив лексика. Яғни, естіген немесе оқылған сөздерді түсіну қабілеті. Көп сөз білетін адам мазмұны күрделі материалды ой-жотамен болса да, түсініп отырады. Пассив лексикадағы сөздердің жиын саны актив қордағы сөздерден қашанда көп болады.
Кісінің білім деңгейі мен жалпы компетенциясын анықтауда пассив лексика бірден-бір көрсеткіш. Білім беру саласының айтулы маманы Эд Хирш, тіл байлығын өлшеу арқылы қатардағы жанның жазу, оқу, сөйлеу және тыңдау қабілетін ғана емес, ғылым, тарих және өнер тарабындағы білімін де байқастауға болады, деп айтқан. Сонымен қатар, бір тілге жетіккен адам екінші тілді артық қиындықсыз, еркін меңгеретінін де байқаған. Хирштың айтуынша, адамның интеллектуалдық һәм қаржылық қауқарының артуы да сөздік қорының тиісінше өсуіне байланысты…[толығырақ журналда]
Пікір қалдыру алдыңғы мақала | келесі мақала



