Стартаптар дәурені

123

Бұдан жиырма жыл бұрын Гарвард Бизнес Мектебінің оқытушысы Клей Кристенсон алпауыт компаниялардың санаулы ғана күні қалды деп тон пішкен. Айтулы теориясында «тоқтату, тақыр-таза құрту» мағнасындағы «to disrupt» етістігін қолданған Кристенсон алыс-жақынды түгел дүрліктіреді. Іргесі бүтін, даңғайыр фирмалар белгісіздеу ғалымның үрейлі лепесін сол кезде қаперге алмаса да, алдағы жылдары шындықтан алыс еместігін аңдайды.

Кристенсон табысы таудай, алып компаниялар клиенттердің көңілін тауып, жап-жақсы басқарылса да, бәрібір бәйгені беріп қоятынын айтады. Оның пікірінше, капиталы шақтаулы шағын фирмалар бизнестің негізгі ережелері мен тамырлы тұрғыларын бірте-бірте өзгертіп, алға озғындап шығады. Олар әуелде сыннан өтпеген, шикі модельдерді қолданып, іргелі компаниялар шығаратын өнімдер мен қызметтердің біршама арзан баламаларын жасайды. Кейін оларды тұрмысы жадау, қалтасы жұқа қауымға сатады. Осылайша үлкен фирмалардың назарынан тыс қалған біраз жұртты бауырына басады. Уақыт өте келе, құрығы ұзарып, жуан компаниялардың клиенттік базасын торуылдауға көшеді. Ақырында, түгелге жуық меншіктеп алады.

Кристенсонның теориясына сәйкес, тоқтатушы, бұзып жарушы инноваторлардың (disruptive innovators) бәрі дерлік атаулы салада кешеге дейін белгісіз боп келген, жаңа адамдар, жаңа фирмалар. Тақау жылдарда ғана атаққа шыққан Apple компаниясы – сондай мықтылардың бірі. Ол ғана емес. Өткен ғасырмен салғастырсақ, АҚШ-тың ең алып компанияларының тізімі айтарлықтай өзгергенін көреміз. Қазірде, Exxon Mobil, Chevron тектес табиғи байлықты өндіруші қарымды компаниялармен бой таластырып Apple, Microsoft, Facebook сынды кеше ғана пайда болған фирмалар тұр. 2014 жыл қорытындысы бойынша Fortune 500 тізімінде ең көп пайда тапқан компания ретінде Exxon ($32.5 миллиард) емес, Apple ($39.5 миллиард) танылған. Демек, Кристенсонның жорамалы тура шықты. Бірақ жаңа компаниялардың орағытып, шеттен бастауы шарт емес екен. Түбегейлі дайындық болса, тура шауып та, төбедегіні алуға болады…[толығырақ журналда]

Пікір қалдыру |

A- A A+
Журналға жазылу

 

Аты-тегі:*
Мекен-жайы:*
E-mail:*
Телефон:*
Нөмірлер саны:*
button_21
×