Тим Феррисстің тіл үйренушілерге кеңесі

Тим Феррисс – әлемді жалпағынан жалықпай кезген, жолай неше түрлі бизнестің іргесін көтеріп, молынан тәжірибе жинаған, орта жастағы қарымды кәсіпкер. Шет жұрттың тілін үйренуге, уақытты ұтымды пайдалануға, салауатты өмір салтын қалыптауға қатысты толғамдарын қағазға түсіріп, жарияға шығарған Феррисстің кітаптары New York Times-дың бестселлері қатарында. Оларды жіті парақтаған оқырман майталман бизнесменнің қандай да істе тиімділікке айрықша мән беретінін аңғарады. Журналдың жалғас сандарында Феррисстің өзгеше тағдырын арнайы сөз етеміз. Әзірге, оның тіл үйрену бағдарындағы кеңестерін қанағат етесіз.
Тим Феррисс тіл үйрену үшін арнайы жоспар жасап, үш тұрғыға негіздеу керек, дейді:
1.әсерлілік
2.тұрақтылық
3.тиімділік
Атаулы үштік, әдетте, нысанадағы тілді меңгеруге шешінген кезде пайда болатын «не? неге? және қалай?» сынды cұрақтарға жауап береді.
Әсерлілік
Шалағай, толымсыз материал – тілді практикалық дәрежеде меңгеруге үлкен кедергі. Әу бастан сыннан өткен, салмақты оқулыққа бейіл берген абзал…[толығырақ журналда]
Пікір қалдыру алдыңғы мақала | келесі мақала


