«FROM GOOD TO GREAT» BY JIM COLLINS

Бірқанша жыл бұрын таңбаға түсіп, әлем тілдеріне аударылған Джим Коллинзтің «Жақсыдан Ұлыға» (From Good to Great) атты кітабы заман мың құбылса да, тозбай, толайымен пайдаға асатын еңбектер қатарында.
Автор біршоғыр зерделі зерттеушімен бірге «орта дәрежелі компанияны ұлылыққа жеткізетін не?» деген сұраққа жауап іздейді. Сырттай қарағанда, Fortune 500 тізіміндегі ірілі-уақ фирмалардың бәрі дерлік ғаламат, төңірегінен биік, асқаралы. Алайда, Коллинз кем дегенде 30 жылдық тарихы бар, соңғы 15-20 жыл бойы тұғырдан түспей, ұдайы дамып отырған 11 компанияны ғана «ұлы» деген атқа лайық деп есептейді. Оларды қатарлас, қанаттас ортақолды бәсекелестерімен салғастырып, алдыңғының бағын асырған, кейінгінің берекесін қашырған жағдаятқа назар аударады.
Атаулы кітаптың түйінді тұстарын таратып, төменде беріп отырмыз.
5-інші дәрежелі көшбасшылық (Level 5 Leadership)
Автордың айтуынша, жақсы компанияны ұлылыққа жеткізетін жетекші фактор¬ –¬¬ 5-інші дәрежелі көшбасшы екен. Түймедей жетістігін түйедей қып көрсететін, іскерлік журналдардың алғашқы бетінен түспейтін, даурықпа көп лидердің бірі емес, ¬¬5-інші дәрежелі көшбасшы мейлінше қарапайым, томаға-тұйық, тіпті ұялшақ келеді. Оның бойында кішіпейілділік (personal humility) пен кәсіби құлшыныс (professional will) сәтімен тоғысып, біте қайнасады… [толығырақ журналда]
Пікір қалдыру алдыңғы мақала | келесі мақала


