Умберто Эконың жазармандарға кеңесі

umberto eku

Италиялық қаламгерлердің арасында Умберто Эконың шоқтығы биік. Даңқты жазушы, философ, библиофиль және семиотишн Эко көпшілік оқырманға 1980 жылы жарыққа шыққан «Розаның аты» (Il Nome della rosa) атты тырнақалды еңбегімен танымал. Оған атақ-даңқты да, абыройды да тіпті орасан материалдық қайтарымды да әперген осы еңбек. Умберто Эконың «кез келген кітаптың құны 10 жылдан кейін, бірнеше қайтара оқылғаннан соңғы жерде айқындалады» дегені бар. Анығында, «Розаның аты» – нақ сондай бірегей туынды. Аттай 35 жыл өткенімен, атаулы кітаптың оқырманы азайған емес. Қаламын тастамаған ғалым-жазушының сиясы кеппеген туындыларының арасында Прага мазары (Il Cimitero Di Pragga) бар. Бұл еңбек те бестселлерлер қатарында.

Кітапқа айрықша құмар боп өскен Умберто бала кезінен қалам ұстап, қол бастықтырған, өзіндік жазу өрнегін қалыптаған. Ілгеріде ғылым жолына түсіп, академиялық зерттеулерге ден қойғанда, оның ғылыми қызметкер ретіндегі бір міндеті – диссертация жазатын студенттерге бағыт-бағдар көрсету болатын. Эко жыл сайын дәріс өткізуден гөрі, көп талапкердің кәдесіне жарайтын, құбылнама есепті жолбасшы-кітап әзірлеуге ықылас қояды. Осылайша, Умберто Эконың «Қалайша диссертация (тезис) жазуға болады?» деген еңбегі Италияның кітап дүкендерінде 1977 жылы пайда болады. Кейінде атаулы кітап 23 рет баспа көріп, әлемнің 17 тіліне аударылады… [толығырақ журналда]

Пікір қалдыру |

A- A A+
Журналға жазылу

 

Аты-тегі:*
Мекен-жайы:*
E-mail:*
Телефон:*
Нөмірлер саны:*
button_21
×