Қарымды кәсіпкердің алымды кеңесі

Марк Кюбан (Mark Cuban)– жосыны бөлек бірталай бизнестің негізін қалап, тетігін ұстаған кәсіпкер, толғағы жеткен жобаны жазбай танитын салымды инвестор, қиялы мен қажыры қапысыз ұштасқан фильм продюсері және Ұлттық Баскетбол Ассоцациясында (NBA) ойқастап жүрген «Даллас Маверикс» баскетбол командасының кеуделі қожайыны. Жеке дәулеті 3 миллиард долларға бағаланатын, төрт құбыласы түгел дейтін беделді бизнесменде көлгірсу жоқ. Толдым-болдым, пістім-түстім деп тоқмейілсу де байқалмайды. Үздіксіз жаңару, белгісізді бағындыру, қиянға ұмтылып, қиынды алу бар.  Бизнесте оза шауып, қоғамда құрметке жеткен Марк Кюбан мырза былай деп ағынан жарылады:

Бизнестің белесті әлеміне аяқ басқан алғашқы күннен бастап қал-қадарымша тың идея іздеп, соны соқпақ салумен болдым. Қолыма түскен кітап пен журналды ақтара оқып, құнды ақпарды жадыма тоқуға талпындым. Бағалы басылымға ақша аямадым, сірә, күрмеуі қатты кез келген түйінді тарқатар күш білімде, ғылымда екенін ерте түсіндім. Жіті оқылған кітаптар мен  журналдар ілгеріде мені оқ бойы оздырды, толайымен жарылқады. Әлбетте, қағазға түскен ойдың бәрі пәтуалы деуге болмайды. Татымсыз кітаптар да жетіп артылады. Дегенмен, жақсыны жаманмен салғастыра таниды екенсің, ұтықты ойды ұғымсыз тоқтаммен шендестіре біледі екенсің.

2015-04-22-1429673278-5303384-download

Мен оқыған кітаптар мен газет-журналдар көлденең оқырманның қолы жететін, мұқабасы да, таңбасы да қарапайым дүниелер еді. Қасқа мен жайсаңға арналған салтанатты сарайларда емес, бұрыштағы дүкендерде сатылатын түсі қанықты, атауы танымал еңбектер. Кез келген жанның жанын жадыратып, ақылын нұрландыратын құдіретке ие әлгі шығармалар тек ықыласты, оқымысты жұртқа ғана бұйырып жатса, кінә кітапта да, қоғамда да емес, адамның өзінде.

Қырағы клиенттермен кездесуде, индустриядағы ақылы марқа мамандармен мәжілісте компьютердің бар қалтарысын танитын білгір екенімді бірден көрсетемін. Әрине, ондай сирек ақпарды ауқымы тар, аудиториясы шектеулі, бірақ ең соңғы үдерістен сыр шертетін сүбелі журналдар мен тиражы татымсыз болса да, жаңалығы мол кітаптардан сүзіп алатынмын. Қызығы, менің елден ерек мағлұматымды естіген атаулы саланың саңлақтары көбінше селт етпейтін. Сөз тиегін ағытқан мақаланы оқығандар бас изеп қана қоймай, әдетте, дабырлап қостай жөнелуші еді! Ал, менімен сұхбаттас жандардың көбі сөзімді сабақтауға асықпайтын, төмен тұқырып, үнсіз қалатын. Содан мен көп жұрттың көп білуге құлықсыз екенін пайымдай бастадым.

DALLAS, TX - DECEMBER 25:  Owner Mark Cuban of the Dallas Mavericks stands with the NBA trophy before a game against the Miami Heat on opening day of the NBA season at American Airlines Center on December 25, 2011 in Dallas, Texas.  NOTE TO USER: User expressly acknowledges and agrees that, by downloading and/or using this Photograph, user is consenting to the terms and conditions of the Getty Images License Agreement.  (Photo by Ronald Martinez/Getty Images)Білімнің болымсызды болдыратын құдіретіне сенбейтін жұрт саусағына ине алып, құдық қазуға құлшынбайды екен. Ал, менің жетістігімнің құпиясы – әлгі инеде, оны сығымдай құшақтап, оңды-солды сілтеген қолда еді.

Расында, технология саласында топ жарып, алға шығуыма септесетін құнды ақпарды қияннан емес, күнделікті шығатын кітап пен журналдан іздеймін. Оларды оқуға күн сайын үш сағатымды арнаймын. Осы үш сағат келіншегіме тәуліктен де ұзақ көрінеді, баз-базында назын айтып, наразы болады. Бірақ мен машықтан жаңылмауға тырысамын. Себебі бөгесіні көп бизнес әлемінде берік, сенімді болудың жалғыз жолы осы.

Әсілі, компьютерде алты аласы, бес бересі жоқ, технология туралы түсінігі жұпыны кез келген пенде күн құрғатпай соған қатысы бар кітап қопарса, журнал жұлмаласа, аз уақытта жілігін шағып, майын ішеді де, айтары мол майталманға айналып шыға келеді.

Пікір қалдыру |

A- A A+
Журналға жазылу

 

Аты-жөніңіз:*
E-mail:
Байланыс телефоныңыз:
×