Starbucks жақынын жарылқауда

Starbucks – әлемнің түкпір-түкпірінде түтін түтеткен атышулы кофе желісі. Оның алдын орап, елімізде асқаралы COSTA тамыр жібергенімен, Starbucks-тың атын, басшысы Говард Шульцтің есімін естімеген жұрттың қарасыны шектеулі.

Әлемнің 65 елінде 22000-ға жуық кофеханасы, 200 000-ға жуық қызметкері бар, дабыралы Starbucks-та тәуліктік ауысыммен жұмыс істейтіндердің көбі жастар.

Starbucks-drive-thru

Корпоративтік мәдениеті таңдай қақтыратын Starbucks жуырда қызметкерлердің оқу ақысын төлеуге келісіпті. Төрт жылдық оқудың соңғы екі жылы толығымен қаржыландырылады, алғашқы екі жылының ақысы ортақтаса төленеді. Ендігі жерде диплом алуға ұмсынған Starbucks қызметкері Аризона Стэйт университетінің онлайн курсын осылай тәмамдамақ. Фаст-фуд индустриясының өзге желілері еңбекақының төмендігінен жырынды кәсіподақтардың кәріне ұшырап жатқанда, Starbucks өз қызметкерлерінің денсаулығын сақтандырып қана қоймай, компанияның акционері болуға да ынталандыруда.

article-2576195-1C1D247100000578-73_634x469

Ақиқаты, қызметкерлерді оқуға жіберу  басшылықтың кеудежарды мұраты емес-тін. Мұндай төтенше сұраныстың төменнен келгендігін Шульцтің өзі мойындаған. Қазірде компания атаулы жобаға ондаған миллион доллар жұмсауға бекініп отыр. Алғашқы жылы 15000 жұмысшы студент атанбақ.

Starbucks оқу ақысын төлеуге келіскен тұңғыш компания емес. Ұқсас бағдарлама тоқып қызметте жүрген жастарға қолдау көрсеткен басқа да фирмалар болған. Алайда, оқу тауысқан қызметкерлер демеушілік жасаған компанияда бірқанша жыл еңбек етуге міндеттелетін. Ал, Starbucks ілгеріде аяққа оралғы болатын орайсыз шарттармен шайлықтырмайды. Тәрізі, көреген Шульц компанияның қаржысына оқыған жастардың ұзағырақ жұмыс істейтініне бек сенімді.

«Баристадан бакалаврға» жобасы Аризона Стэйт Университеті үшін де қомақты табыс әкеледі. Жалпақ құны $3000-$10000 арасында болатын онлайн дәрістер – ректор Майкл Кроудың төл бастамасы. Бағы асты, еңбегі жанды деген осы. Әзірге, келісім тек осы университетпен жасалғандықтан, базбір қызметкерлердің көңілі жарымжан дейді. Сонда да алдыңғы қатарлы университетте ақысыз оқып, қалаулы жұмысқа орналасу – үлкен олжа.

Тәжірибелі, әккі қызметкерлердің біржола кетіп, жаңаларының келуі қандай да бір компанияға үлкен шығын әкеледі. Сондықтан, бірегей талантқа, тәжірибелі жұмысшыға сұраныс артып, бәсеке үдеген бүгінгі заманда өз қызметкерлеріне кең болған компаниялар кем болмайтынын, әйтеуір ұтысқа шығатынын байқаған тәрізді. Басшылардың айрықша жомарттығын таныған қызметкерлер де бодауын жанкешті еңбегімен өтейтіні кәдік.

 

Пікір қалдыру |

A- A A+
Журналға жазылу

 

Аты-жөніңіз:*
E-mail:
Байланыс телефоныңыз:
×