Бүгін:

ЖАЗЫЛУ НАУҚАНЫ

Құрметті оқырман!

Менеджмент пен инновация тарабында татымды мақалалар шығарып келе жатқан «Жаһан» журналына жазылу науқаны басталып кеткенін хабарлаймыз!

Кісілік даму мен кәсіби өсуге септесіп, кәсіпкерлікке баулитын атаулы басылым болашағынан үмітті жасқа да, жасамысқа да теңдей пайдалы.

Айтылғандай, «Жаһанда» жарық көретін мақалалар менеджмент пен инновация төңірегінде. Соншама көп тақырыптың ішінен осы екеуін таңдап алуымыз бекер емес. Байқап қарасақ, адамзат шеруінде екі түрлі қабілет (мамандық) айрықша жоғары бағаланып, қашанда қажетті саналыпты: бірі – жұртты орайымен ұйыстырып, белгілі бір мұратқа бейімдейтін менеджерлік-басқару қабілеті, екіншісі – күрделі үдерісті жайдақтатып, шырғалаңнан адаспай жол табатын инновациялық-ойлау қабілеті. Бірі барды бағалап, орнымен қолданады, басқасы жоқты іздеп, ұмсына алға ұмтылады. Бұлар арбаның екі дәртесі есепті, бірін-бірінсіз елестету мүмкін емес. Екеуі жүрген жерде ғана береке бар. Себебі жаңалықты жақтырмайтын адам уақыт оза келе іштей таусылып, қалжаураса, инновацияны қабылдамайтын компания кері кетіп, құлдырайды. Ал бірақ сарабдал менеджмент болмаса, бардың өзі баянды болмайды, пышырап жоқ болады. Кәкір-шүкір көп тақырыпты қақас қалдырып, бар назарымызды осы екеуіне тігуіміз содан.

Құрметті оқырман, журналымыздың соңғы – 11-санын қара күзде жарияға жеткізіп, бірінші айналымды сәтімен тәмамдап едік. Рас, «айлық» басылым ай сайын шығып тұрған жоқ, аралық үзілістер болды, қаржылық күйзелістер болды. Алайда, бұл жобамыздан бас тартпадық, бар қиындықты күле қарсылап, мейлінше шыдап бақтық. Сүйтіп қалтақтап жүргенде қылышын сүйретіп қыс келді. Бір кезең бітті ғой, екінші кезең басталар қарсаңда ентігімізді басайық, егер мүмкіндік болса, келесі айналымды жап-жаңа сайтпен бастайық деп біршама аял жасадық. Бірақ, бұл сайт мәселесі де оп-оңай шешіле салған жоқ, әжептәуір ұзап кетті. Қаңтар айының басында бітуге тиіс мақтаулы порталымыз әлі күнге дейін қырналып, өңделіп жатыр. Соңғы есеп бойынша, екі-үш аптаның көлемінде тәмам болады. Қалай дегенмен, журналымыздың «Технология шабысты ғана арттырады» деп аталатын 12-саны баспа бетін сәуір айының ортасында көрмек. Осы екі аралықта қол қусырып отырмайық, «Жазылу Науқанын» бастап, оқырмандарымыздың қатарын толтыра берейік деп осындай хабарламаны жасап отырмыз.

Құрметті оқырман, парасатты басылымға жазылып, қолдау көрсетсеңіз, алдағы уақытта «Жаһанның» машықты ұжымы жүзеге асыратын зерделі зерттеулер мен басқадай айшықты жобаларға ұйытқы, себеп боласыз. Қалыс қалмаңыз, ат салысыңыз!
Жазылудың екі жолы:

1. Алматыда +7 (775) 467 27 83, Астанада +7 747 053 28 59 нөмірлеріне хабарласып, жай-жапсарын сұрау
2. Вебсайтымыз арқылы онлайн жазылу

Пікір қалдыру |

A- A A+
Яндекс.Метрика
Журналға жазылу

 

Аты-тегі:*
Мекен-жайы:*
E-mail:*
Телефон:*
Нөмірлер саны:*
button_21
×