Бүгін:

Біз туралы

Құрметті оқырман!

Қолыңыздағы «Жаһан» журналы – шетелде оқыған және оқып жатқан біршоғыр жастың төл бастамасы. Әлемдік деңгейде білім беретін жоғары оқу орындарында ең үздік дәрістерді тыңдап, барынша ұтқыр түйін жасауға машықтанған олар көзбен көріп, көңілмен ұққандарын емес, сүбелі зерттеулерге сүйеніп, жан-жақты сұрыпталған, екшелген мақалаларын осы журнал арқылы бөлісіп отырмақ.

Мақалалар бизнес, инвестиция, білім, ғылым, денсаулық салаларын қамтиды. Батыста тамыр тартып, шығыста өркен жайған алпауыт компаниялардың дамуындағы ұрымтал тұстар, оларды алға сүйреп, таңқаларлық табыстарға жеткен басшылардың ғибратты ғұмыры, ғылым мен білімнің талай тағдырды өзгертер ғаламат қуаты, шет жұрттардың тілін меңгерудің пайдасы мен әдіс-тәсілдері – бәрі-бәрі егжей-тегжейлі зерделеніп, барынша қамтылады.

Мұрат – оқырманды тоқтаусыз оқуға, тынымсыз үйренуге, түрлі компаниялар құрып, лидерлік қабілетін ұштауға, татымды тәжірибе жинақтауға шақыру, тамырлы бизнестердің өрісін кеңейту, болмыс-бітімін жаңа заман талаптарына бейімдеу.

«Жаһан» журналы жүгінетін арнаулы кітаптар, ғылыми журналдар, газеттер ағылшын, неміс, испан, француз, орыс, қытай, түрік тілдерінде шығады. Алайда маңдайалды университеттер мен зерттеу орталықтары англо-фонды елдерде шоғырланғандықтан, ағылшын тілді материалдардың шоқтығы биіктеу. Сондықтан оларға айрықша көңіл бөлінеді.

Түйіп айтсақ, «Жаһан» журналы адамның жан-жақты дамуына септесер толымды еңбектерді, тағылымды мақалаларды, соқталы зерттеулерді қалт жібермей, үлкен ыждағаттылықпен мүмкіндігінше жылдам, мейлінше ауқымды етіп алдарыңызға тартып отыруды мақсат етіп отыр.

Біз табыстарға жетелейміз!

Бас редактор (Editor-in-chief):

Болат Есқараұлы, PhD, University of Leicester

Редакциялық кеңес (Сontributors and peer-reviewers):

Бауыржан Ташмұхамбетов, PhD, University of Essex
Асхат Тлеуов, PhD, University of Bath
Серік Оразгалиев, PhD, University of Cambridge
Азамат Камзин, PhD candidate, Arizona State University
Дәулет Таймағамбет, PhD candidate, Australian National University
Асхат Мыңбай, PhD candidate, Nazarbayev University
Бауыржан Аскаров, PhD candidate, University of Birmingham
Талғат Жүсіпбек, PhD candidate, University of Sheffield
Еркін Оразалиев, MSc, University of Munich
Артур Утебаев, MA, University College London
Далия Каскирбаева, MSc, Imperial College London
Аман Ахметов, MBA, De Montfort University
Бейбіт Жүнісов, MSc, University of Essex
Қайрат Сержанов, LLM, University of Leicester
Индира Барыкбаева, LLM, University of Leicester
Лаура Абизова, MSc, University of Leicester
Олжас Өтегенов, MSc, University of Bath
Бекжігіт Жантей, MA, Sun Yat-sen University
Жақсыбек Нұртлесов, MBBS, University College London
Бекзат Сыздықов, MSc, University Center Cesar Ritz
Мұқан Мырзақұлов, BSc, New York University



Яндекс.Метрика
Журналға жазылу

 

Аты-тегі:*
Мекен-жайы:*
E-mail:*
Телефон:*
Нөмірлер саны:*
button_21
×